Новости

Previous Next

Алматы облысындағы моноқала жастары «Жасыл қала - жасыл ауыл» ұлттық жобасына қолдау білдірді

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Өткен сәрсенбіде Текелі қаласында қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу науқаны өтті. Іс-шараға Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев, мекеме, кәсіпорын басшылары және қала жастары: жас мамандар, Текелі кәсіптік колледжінің студенттері қатысты.   

Жастар жылының «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жастардың жасампаздығы мен өзін-өзі дамытудың маңыздылығын атап, еліміздің барлық елді мекендерін, қалалар мен ауылдарды көгалдандыруды көздейтін «Жасыл қала – жасыл ауыл» бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Алматы облысындағы Текелі қаласы аталған бастаманы қолдап, Қонаев көшесінің бойында қылқан жапырақты ағаштарды отырғызды. 

Қала әкімі Б.Өнербаев барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, барша жастарды қала өміріне белсене араласуға шақырды. 

- Бүгін біз 60-қа жуық қылқан жапырақты ағаштарды отырғыздық. Осынау шараға келіп қатысып жатқан текеліліктерге алғыс білдіре отырып, тұрғындарды да науқанға белсене қатысып, өз аулаларында ағаш отырғызуға шақырамын. Жастар жылында біздің жас буын тек биікке ұмтылып, қаламыздың ғана емес жалпы Қазақ Елінің даңқын асырып, күллі әлемге таныта алады деп сенемін. Аталмыш іс-шара тек бастамасы. Көктемде біз "Жастар аллеясын" ашуды жоспарлап отырмыз, - дейді қала басшысы.

Айта кету керек, Жастар жылы аясында текеліліктер жастардың қатысуымен 100 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.