Новости

Previous Next

Алматы облысында сүт өндіретін заманауи ферма іске қосылады

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Ескелді ауданының Көкжазық елді мекеніндегі ірі сүт фирмасының құрылыс жұмыстарына  мемлекет тарапынан 1 миллиард теңге инвестиция құйылды. Аталмыш, заманауи ферма өз жұмысын ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастамақ, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылысы өткен жылдың тамыз айынан басталған сүт фермасы, бірінші кезеңде 270-ке жуық ірі қара кіргізіп, кейін оның санын 1200-ден асыруды жоспарлап отыр. 

Ескелді ауданының әкімі Бағлан Тәнекеновтың айтуынша, сүт фермасы ауданның ғана емес республиканың экономикалық драйверіне оң ықпалын тигізбек.

- Заманауи тұрғыда салынып жатқан ферма осы жылы іске қосылып, ауыл тұрғындарына 28 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Ірі қара санын біртіндеп арттыруды мақсат еткен зауыт, жылына 2 миллион тонна сүт шығаратын болады, – дейді аудан әкімі.

Айта кету керек, жалпы облыста қазіргі уақытта 70 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Биылғы жылы тағы да 7 жоба іске қосылады. 2022 жылға дейін 5 мың сиырға арналған 14 сүт-тауар фермасы құрылып, аймақ 100 пайызға сүтпен қамтамасыз етілмек.