Новости

Previous Next

Ақсу ауылында Ілияс Жансүгіровтің тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырылды 

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Шараға кәсіпкер азаматтар қолдау көрсетті. 
Жиналған көпшілік алдымен Ілияс ақынның көзі тірісінде қолданған құнды жәдігерлерін тамашалады. 

Өткен ғасырдың басында Маман Тұрысбектің ұрпақтары салдырған Қарағаш мектебі өртенгенде жанбай қалған бөренелерді Ақсу ауылының адамдары жинастырып, музей тұрған бес бөлмелі ғимаратты тұрғызыпты. Алдымен мектеп, сосын басқа да мақсаттарға пайдаланылған нысан 1991 жылдан бастап, Ілияс Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің еншісінде. 
Музейде өткен ашылу салтанатында Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Есжанов, Ақсу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Айтбайұлы, өлкетанушы Жемісбек Толымбеков, ақынның ұрпағы Орал Шүкетова, тағы да басқа қонақтар сөз сөйлеп, игілікті шараның ілгері басуына сәттілік тіледі. Осыдан кейін көпшілік «Ағынды менің Ақсуым» деп Ілияс жырға қосқан Ақсу өзенінің бойында орын тепкен этноауылға жол тартты. Бұл маңға қатар-қатар ақшаңқан үй тігіліпті. Үйлердің айналасында алтыбақан теуіп, мәре-сәре болған жастар, өреге құртын жайып, жүнін түтіп, тайқазанға етін асып, қонақжайлығын көрсетіп жүрген ақжаулықты аналар мен ибалы келіндер шараның сән-салтанатын асыра түсті.