Новости

Previous Next

Алматы облысында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бір отбасыға баспана берілді

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

      Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде аз қамтылған отбасыға баспана берілді. «Қызылшоқы» шаруа қожалығының басшысы Бекиев Алдан Ботайұлы Джүнісовтер отбасына 4 бөлмелі баспана кілтін тапсырды, - деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

     Қуанышы қойнына сыймаған Айдын Маратайұлы «Қызылшоқы» шаруа қожалығының басшысы басшысы Бекиев Алдан Ботайұлына шексіз алғысын жеткізді.

     «Осы уақытқа дейін жұмыссыз, үйсіз жүрдік. Осындай мереке қарсаңында бізге баспана кілтін тапсырып, отбасымды қуанышқа бөлеп жатыр. Міне, Алдан Ботайұлы баспана беріп, жұмысқа тұрғызды. Алдан Ботайұлына алғысымыз шексіз», - деді жаңа үй иесі.

    «Міне бүгін осындай отбасына баспана кілтін тапсырғаныма, бүлдіршіндердің жүзіне күлкі ұялатқаныма өте қуаныштымын»-, дейді Алдан Ботайұлы.