Новости

Previous Next

Алматы облысында «Парасаттылық мектебі» жазғы жұмысын бастады

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы басқа да аймақтар сияқты бірінші рет студенттерге арналған жазғы «Парасаттылық мектебі» жұмысын бастады. Мектептің ашылуын академияның оқу жұмысы және академиялық мобильділік жөніндегі вице-ректоры Ақтымбаева Айгүл Сағындыққызы жүргізді.

     Тренерлер: профессор, з.ғ.д. -  Молдабаев Сарқытбек Сәрсембайұлы, Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, философия докторы (PhD) - Алпысбаев Рустам Әлиұлы   , Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюро департаменті штабының басшысы- Оспанбеков Асқар Кенжебекұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы- Садықов Асқар Джумаханұлы, қаржы магистрі, аға оқытушы міндетін атқарушы, PRINCE2® Foundation Certificatein Project бағдарламасының сертификатталған тренері - Адамов Асқар Амангельдыұлы, психология магистрі, аға оқытушы міндетін атқарушы - Негметжанова Мариям Кадырқызы.

      Жазғы мектептің басты мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жаңа құрылымын дайындау.

     Оқу барысында жастар парасаттылық мәдениетінің құрылымын, жемқорлыққа қарсы тиімді факторларды, әдеп және мінез-құлық мәдениетін, жобаларды басқару негіздерін үйренеді.

     Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне саяхат жасауда жоспарлануда.

Оқу 2019 жылдың 10-14 маусымы аралығында жүргізіледі.