Новости

Previous Next

Әкімдер рейтингі: Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев тағы да көш алдында тұр

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

«Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ дәстүрлі әкімдер рейтингін жариялап отыр.

Сонымен, 32 аптаның үздігі Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев. Шаһар басшысы жол мәселесіне ден қойып отыр. Осы аптада әлеуметтік желідегі парақшаларда кей көшелер жабылып, қоғамдық көліктердің бағыттары өзгеретіні тұрғындарға алдын ала хабарланды. Қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. «Алтын Шажа» сауықтыру лагерінің жастары «Шажа өзенінің тарихы» атты экскурсия жасады. Жалпы, 1ші тамыздан 8ші тамызға дейін халықты Текелідегі соңғы жаңалықтармен таныстыратын 76 мақала жарияланған.

Үздіктер қатарында Ескелді ауданының әкімі Рауан Рақымбеков та бар. Бұл аптада Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Абдуалиев Ескелдіге іссапармен барды. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерді аралап шықты.  Жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Күні кеше ғана ауданға  әкім боп сайланған басшы жарық мәселесін басты назарға алып отыр. Осы аптада Қарабұлақ ауылы, Жеңіс көшесіне жарық тарту жұмыстары аяқталды. Бір жұмада аудан әкімдігі мен әкімінің парақшаларында 73 жарияланым жасалған.

Текелі қаласы мен Ескелді ауданының артынан қалыспай Жамбыл ауданы еріп келеді. Сараптама қорытындысы бойынша Бағдат Алиев үшінші орында тұр. Осы аптада ауданға облыс әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров жұмыс сапарымен барды. Тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған «Teksan Kazakhstan invest» зауыты мен «Алматы Сұңқар құс» фабрикасының жұмысымен танысты. Аудан активімен кездесіп, Жамбыл халқының тыныс-тіршілігін өз көзімен көрді. Сондай-ақ, ауданда отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау, жас өспірімдердің қорлық көруінің алдын алу мақсатында республикалық «Тұрмыс» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Аудан барлығы 65 жарияланым жасаған.

1 – кесте. Алматы облысы бойынша аудан-қала әкімдері мен әкімдіктерінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдар саны.  (Instagram, Facebook, В контакте)

Аудан, қала әкімдері

Instagram

Facebook

Вконтакте

Барлығы

 
 

1

 Ақсу ауданы

6

2

5

13

 

2

Алакөл ауданы

22

15

14

51

 

3

Балқаш ауданы

16

5

11

32

 

4

Еңбекшіқазақ ауданы

6

3

3

12

 

5

Ескелді ауданы

21

25

27

73

 

6

Жамбыл ауданы

22

21

22

65

 

7

Іле ауданы

7

4

3

14

 

8

Қаратал ауданы

9

9

2

20

 

9

Қарасай ауданы

5

4

4

13

 

10

Кербұлақ ауданы

21

19

19

59

 

11

Көксу ауданы

7

5

0

12

 

12

Панфилов ауданы

8

6

3

17

 

13

Талғар ауданы

10

13

0

23

 

14

Ұйғыр ауданы

14

0

14

28

 

15

Райымбек ауданы

2

1

1

4

 

16

Сарқан ауданы

9

7

9

25

 

17

Қапшағай қаласы

21

18

19

58

 

18

Талдықорған қаласы

21

20

18

59

 

19

Текелі қаласы

23

25

28

76

 

20

Кеген ауданы

18

18

7

43

 
 

 Барлығы:

268

220

209

697

 

Екінші сараптамалық кесте әлеуметтік желілердегі оқырмандар санына байланысты шығарылды. Рейтингті дайындау барысында әр аудан-қала әкімдігі мен әкімдерінің жеке парақшаларындағы оқырман саны есептелді. Өткен аптамен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс  жоқ. 31 апта қорытындысы бойынша көш басында тұрған  Жолан Омаров, бұл жолы да бірінші орынды ешкіге бермеді. Барлығы 28917 оқырманы бар.

Ал, екінші сатыға жайғасқан Ғалым Тоқпейісовтен де тұрақтылықты көруге болады. Аудан әкімдігі мен жеке парақшасында барлығы 23705 оқырманы бар әкім екі апта қатарынан екінші орында тұр.

Үздік үштікті Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Ысқақ Бинәлі қорытындылады. Әлеуметтік желідегі парақшаларында бір аптаның ішінде 77 оқырман жинап үлгерген. Еңбекшіқазақ ауданы ашықтығы мен жариялылығының арқасында халық ықыласына бөленіп, бірнеше апта қатарынан үшінші орыннан көрініп келеді. Барлығы 22834 оқырманы бар.

2 – кесте. Алматы облысы бойынша аудан-қала әкімдері мен әкімдіктерінің әлеуметтік желілердегі оқырмандар саны.  (Instagram, Facebook, В контакте)

Аудан, қала әкімдері

Instagram

Facebook

Вконтакте

Барлығы

 
 

1

 Ақсу ауданы

2837

4638

6457

13932

 

2

Алакөл ауданы

3529

5036

3557

12122

 

3

Балқаш ауданы

5656

5114

12935

23705

 

4

Еңбекшіқазақ ауданы

7934

5896

9004

22834

 

5

Ескелді ауданы

3031

3312

2014

8357

 

6

Жамбыл ауданы

4024

5111

1599

10734

 

7

Іле ауданы

3890

430

788

5108

 

8

Қаратал ауданы

1787

1322

2657

5766

 

9

Қарасай ауданы

10132

5167

1223

16522

 

10

Кербұлақ ауданы

5216

5067

3661

13944

 

11

Көксу ауданы

3504

5193

2826

11523

 

12

Панфилов ауданы

6807

9675

1383

17865

 

13

Талғар ауданы

9282

5175

58

14515

 

14

Ұйғыр ауданы

2761

4629

459

7849

 

15

Райымбек ауданы

10270

5261

13386

28917

 

16

Сарқан ауданы

4228

5069

728

10025

 

17

Қапшағай қаласы

7174

7060

3526

17760

 

18

Талдықорған қаласы

15207

2530

101

17838

 

19

Текелі қаласы

5955

5107

8292

19354

 

20

Кеген ауданы

7460

5280

4369

17109

 
 

 Барлығы:

120684

96072

79023

295779

 

 Алдағы уақытта да аудан-қала әкімдерінің жүйелі жұмыстары мен ақпараттық белсенділігі сараланып, әкімдер рейтингі жарияланып тұрмақ.

Айман Асыл