Новости

Previous Next

Алматы облысында қысқы маусымға дайындық пысықталды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

«Jetisu Media» алаңында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарының қатысуымен баспасөз–мәслихаты өтті.   Жиында алғаш сөз алған Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Ахашов облыс аумағында өрттер мен улы газбен улану оқиғаларына кеңінен тоқталды.

 Өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелеріндұрыс орындамау, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу,балалардың отпен ойнауы болып табылады,-деді. Сондай-ақ, ТЖД бастығының орынбасары күнделікті профилактикалық іс-шаралар, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өткізетін әртүрлі акциялар мен жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін атап, 2018-2019 жылдардағы жаңа жылдық түндегі өрт санын айтып, азаматтарды алдағы жаңа жылдық мерекелерде пиротехникалық құралдарды қолдану және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды.  

         Келесі сөз "Қазақавтожол" ЖШС филиалы директорының орынбасары Мақсат Мұхановқа берілді. Мақсат Асхатұлы атап өткендей, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда бүгінгі күні 10 жылыту пункті құрылды, жергілікті атқарушы органдармен қосымша жылыту пункттерін құру туралы мәселелер пысықталуда. Сонымен қатар, адамдарды уақытша орналастыру орындары дәрі-дәрмектермен, тамақ өнімдерімен, сумен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін барлық жағдаймен қамтамасыз  етілген. Облыстық маңызы бар автомобиль жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 13 мердігер ұйымдар 15498 тонна тайғаққа қарсы материалдар, 621 тн. жанар жағармай дайындады. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін-11000 тн. құм, 2020 тн. тұз, 507 тн. ЖЖМ (370 т-диз.отын, 137 т. бензин) дайындаған.