Новости

Previous Next

Алматы облысында «Туркфильм» фестевалі өтеді

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Ұлттық саясат ұлттың рухани жаңғыруына негізгі басымдылықты  беріп отыр.

Еліміздің эволюциялық дамуын қамтамасыз ету жолында  қоғамдық сананы жаңғырту үшін жалпыұлттық құндылықтарды тереңдетуге мән бере отырып, рухани саланы түпкілікті түрлендіру  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ел перзенттерінің алдына қойған тапсырмасы деуге толықтай негіз бар.

Мемлекеттің жүктеген міндеттерін айрықша екпінмен орындау ұлттың ұландарына парыз. Туған топырағынның қадірін түйсіне білетін азамат үшін рухани құндылықтарды дәріптеп, жаңғыру жолындағы жаңа қадамдарға аяқ басу бұл еліне деген өлшеусіз құрметі болып табылмақ.

Бүгінгі таңда тұтас елдің болашағын бағдарлауға арналған, бағытын айқындаған Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы біз сөз басында айтып өткен ұлттық сипаттағы саяси сарынды саралау мен сапалы қызмет атқаруға шақырады. Осы тұста Алматы облысыда қалыс қалмақ емес.

Мәселен, 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс бойынша 1 млн-ға жуық адамның қатысуымен 6784 жобалар мен іс-шаралар өткізілген. Ауқымды жұмыстарды атқаруда меценаттардың қосқан үлесін атап өткен жөн. Өйткені «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2019 жылы облыс меценаттары мен демеушілерінің қолдауымен 120 жоба іске асырылған.  Атымтай жомарт жандардың қол ұшын созуының арқасында  Шамалған  ауылында «Үшқоңыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешені  жас дарындар үшін есігін айқара ашқаны баршаға мәлім.

         Бұдан бөлек  өңірдегі кәсіпкелердің көмегімен көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға 200-ге жуық тұрғын үйлер мен пәтердің кілті табысталып, осылайша қамкөңіл жандардың бақыты еселенді. Өткен жылы атқарылған істер мұнымен тоқтамақ емес. «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында облыстың 7  ауданында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жөндеу бойынша 44 жоба іске асырылып, бүгінгі таңда 9 жоба толықтай аяқталған.

2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс қарқынды жүрмек, жоспарға сәйкес 200 жобалар мен іс-шаралар атқарылады деп күтілуде. Айта кетсек, «Ескерткіштер-ел тарихы» жобасын іске асыру, «Тұғырлы туым» халықаралық форумын, «Туркфильм» фестевалін, «Жетісу Арба Бәйгесі 2020» турнирін және «Жетісу-атамекенім» суретшілердің республикалық пленэрін, ұйымдастыру, «IQ дода » зияткерлік сайысын өткізу көзделген.

Сонымен ағымдағы жылы аталған жоба аясында Алматы облысында алыс жақын шет елдерден  келген өз ісінің үздіктері бас қосып, ұлттың руханиятына қызмет ететін жобаларды жоғары деңгейде өткізуге ат салысады.