Новости

Previous Next

Төтенше жағдайға байланысты мемлекеттен 42 500 теңгені кімдер алады?

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға үкімет тарапынан әлеуметтік көмек тағайындауды тапсырған болатын.

Осыған орай  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрықпен әзірленіп, бекітілген еді. Енді осы бұйрыққа 2020 жылғы 29 наурыздағы № 114 бұйрықпен елеулі өзгерістер енгізілді, олар төлем алушылар шеңберін кеңейтіп, оны тағайындау шарттарын жеңілдетті.

Осыған сәйкес, 1 қызметкерге төленетін әлеуметтік төлем мөлшері  ең төменгі жалақыны немесе айына 42,500  теңгені құрайды және төтенше жағдай кезеңіне байланысты тағайындалады.

- қызметкер жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болса,

- жеке кәсіпкердің, жеке қызметпен айналысатын тұлғаның, шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған кезде қаржылай көмекке қол жеткізе алады.

Сондай-ақ ,әлеуметтік төлемдерді алушылар қатарына мына санаттағылар да жатады:  

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер;

- жекеменшік  қызметкерлер (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

-міндетті зейнетақы жарналары төленген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын тұлғалар;

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері;

 Қазіргі кезде тек Талдықорған қаласы бойынша әлеуметтік төлемге өтініш бергендер саны  23 – ке жеткен. Айта кету керек, қажетті құжаттарды электронды түрде өткізуге болады.

«Egov порталы арқылы электронды қолтаңбаны қашықтықта отырып алу қызметіне жүгініп, ары қарай өзіңізге керекті бөлімшеге кіріп тиісті құжаттарды өткізуге мүмкіндік бар. Елдегі барлық жұмысынан айырылған азаматтар бұл игі істің шарапатын көре алады»,- Алматы облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Бақыт Тоқтарқызы.

 

Мұндай бастама елдегі келеңсіз оқиғалар мен қылмыс атаулының санын азайтуға ықпал етеді. Төтенше жағдай кезінде тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі тұрақты болуы тиіс.