Новости

Previous Next

Аграрлы аймақтың асығы алшысынан түсті

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

 Планетаны жайлаған пандемияның салдарынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев осымен екінші рет халық алдына шығып, мәлімдеме жасады. 

 Онысы орынды. Ресми деректерді алға тартқан ел Президенті 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдыққанын айтты. Осыған қатысты ол Елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырды. 

 «Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт», - деп атап  өткен Қасым –Жомарт  Кемелұлы пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүрген мамандарға қосымша қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.

Аграрлы аймақтың асығы алшысынан түсті десек артық айтқандық емес. Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерді демеу үшін бюджеттен 70 миллиард теңге қарастырылды.  Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлінді.  

Жанар жағармай бағасы бірден 165 теңгеге төмендеді. Осыны жүзеге асыру мақсатында  390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылатын болады.

Жалпы, осы айтылған шаралар қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін керек деді мемлекет басшысы .

Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ, ҚР «Ардагерлер  ұйымы» қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы