Новости

Previous Next

Ауданымыздың басты дақылы қант қызылшасы

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Осыдан 5 жыл бұрын 13 гектар жерге тәтті түбір егіп осы кәсіпті бастаған болатынмын.

Былтырғы жылы 204 млн теңгеге "Жетісу" ӘКК арқылы "Сервистік дайындау орталығын" ашып, 110 гектар жерге қант қызылшасын егіп, гектарынан орташа 600 центнерден өнім жинадым. Биыл 120 гектар жерді қант қызылшасын себуге дайындап қойдым. Осындай қиын кезеңде көмек қолын созып, біз сияқты шаруаларға жәрдемдесіп жатқан мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысым зор. Биыл арзандатылған жанар жағармайдан 10 тонна сатып алдым. Бүгінгі Президентіміздің үндеуіннен соң көңілге қуаныш ұялап, бойымызға тың серпін берілді.

"Әлихан" шаруа қожалығы басшысы Тынышбаев Берік 

Б.Сырттанов ауылдық округі