Новости

ТДҰА инновациялық жобаларды гранттық қаржыландыруды іске қосуда

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі «ТДҰА» АҚ), ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыруды бастайды. Бұл туралы, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда «ТДҰА» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров хабарлады.

Инновациялық гранттарды алуға өтінімдер 2017 жылдың 2 тамызынан бастап 2 қазан аралығында қағаз түрінде қабылданады, сонымен бірге, Digital Baiterek интернет порталы арқылы беруге болады (http://digital.baiterek.gov.kz/).

«Біз бизнес процестерді қайта инженерлеуді өткіздік және гранттарды беру шарттарын жақсарттық. Егер бұрындары жиі бизнес үшін тартымсыз болып табылатын және соңғы өнімді шығаруды қарастырмайтын гранттың 9 түрлі түрлері қарастырылған болса, ал қазіргі таңда, оларды қаржыландыруды шектеу айтарлықтай ұлғайып 3 түрге топтастырылды» - деп «ТДҰА» АҚ басшысы Марат Омаров атап өтті.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологиялық дамуына инновациялық гранттарды берудің жаңа ережелеріне сәйкес, гранттың сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелденген шығындардың 70% дейін және (немесе) жабдықтарды сатып алу үшін дәлелденген шығындардың 50% дейін құрайды, ақшалай түрде 400 млн. теңгеге дейін.

Грант озық/қазіргі заманғы отандық және шетелдік технологияларды трансферттеу арқылы кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыруға бағытталған.

Салалардың технологиялық дамуына гранттың көлемі, лицензиялық шарт бойынша дәлелденген шығындардың 70% дейін және жабдықтарды сатып алу үшін дәлелденген шығындардың 50% дейін және технологиялық құзіретті арттыру бойынша дәлелденген шығындарға кеткен шығыстардың 85% дейін құрайды, ақшалай түрде 500 млн. теңгеге дейін.

Грант негізінен тәжірибеге, білімге, дағдылануға, озық және қазіргі заманғы отандық және шетелдік технологияларды трансферттеу арқылы жұмыс істеп тұрған салалардың дамуына бағытталған.

Технологияларды коммерциялау грантының көлемі, дәлелденген шығындардың 50% дейін құрайды, ақшалай түрде 200 млн. теңгеге дейін.

Грант өз өндірісінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізуге бағытталған.

Грант түрлерінің әрқайсысы бойынша игеру мерзімі 36 айдан аспауға тиіс.

Жалпы, 2011 жылдан бастап 2016 жыл аралығында жалпы сомасы 12,2 млрд. теңгеге 328 шарт жасалды, сонымен қатар, 2016 жылы 1,9 млрд. теңге сомаға 66 шарт жасалды.

Жалпы алғанда, гранттық қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру оң әлеуметтік-экономикалық динамиканы көрсетуде. Осылайша, грант алушылардың мәліметі бойынша, 2014 жылдан бастап 2017 жылдың 1-ші жарты жылдығы аралығында, инновациялық гранттарды жүзеге асыру нәтижесінде 2773 жұмыс орны құрылды, 7,6 млрд. теңгеден астам қаржылық салықтар төленді, 131,4 млрд. теңгеден астам сомаға өнімдер өндірілді.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі (ТДҰА) инновациялық даму процестерін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін және мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуда жәрдемдесу үшін құрылған.

ТДҰА АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрылымына кіреді.

Технологиялық даму

жөніндегі ұлттық агенттіктің

Баспасөз қызметі

+7701 328 38 98