Новости

Previous Next

Асқар Мамин Қызылағаш су қоймасының реконструкциясымен танысты

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Масин іс- сапармен Алматы облысына ат басын бұрды.

Үкімет басшысы облысты аралау барысында Ақсу ауданына барып қайтты. Ол жобалық қуаттылығы 42 млн куб.м болатын Қызылағаш су қоймасының реконструкциясымен танысты.

Аталмыш су қоймасы  суармалы жерлердің аумағын кеңейтіп, қосымша 7 мың га алқапты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жетісу жерінде 356 гидротехникалық құрылғы бар. Ал ирригациялық желілердің ұзындығы болса 16,6 мың шақырым.

2028 жылға қарай, каналдар мен тоғандарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары аясында 137,8 мың га суармалы жер қолданысқа берілмек.

Биылғы жылы билік су шаруашылығына басым назар аударады. Осы ретте аталған сала үшін облыстық бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде 1,4 млрд. теңгеге 9 нысанды күрделі жөндеуден өткізеді.

 Облыс аумағындағы Ескелді, Ақсу, Алакөл және Көксу аудандарындағы суармалы жерлерді қалпына келтіру ислам банкінің қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.