Новости

Previous Next

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін ата

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өткен еді.

Осыған орай, бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық білім бөлімінің басшысы Панар Ануарбекқызының қатысуымен білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тақырыбында тікелей эфир өтті.

«QYZMET LIVE» жобасының мақсаты қызмет берушілердің әлеуметтік желілер арқылы қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат ұсыну.

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.

Аудан бойынша 25 орта, 1 негізгі орта, 4 бастауыш білім беру мекемелері бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге оңтайлы қол жеткізу мақсатында 26 мектепте «Электрондық үкімет» веб-порталы бұрышы бар. Қызметкерлер, ата-аналар қажетті анықтамаларын кез-келген уақытта ала алады.

Сарқан аудандық білім бөлімі және ведомствалық бағынысты мекемелер арқылы 24 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2020 жылдың 2 тоқсаны бойынша жалпы 63 қызмет көрсетілсе, оның ішінде ХҚКО арқылы - 59, қағаз жүзінде – 4 қызмет көрсетілді.

Айта кеткен жөн, 2020-2021 оқу жылынан балабақшаларға, мектептерге оқушыларды қабылдау процесі автоматтандырылды. Биылғы оқу жылында 1 сыныпқа электронды 614, қағаз жүзінде 209 өтініш қабылданған.