Новости

Астанада алғаш рет «Burabay Summer Fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестивалі өтеді

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Burabay Summer Fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық фестивалі өтеді. Фестиваль ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.

Фестиваль мақсаты - дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және оларды жан-жақты қолдау, олардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту және орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, тәжірибе алмасу және отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздің ұлттық өнері мен тарихына деген қызығушылықты арттыру, жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынасты дамыту болып табылады.

Конкурсқа 10-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Қазіргі таңда қалалық және өңірлік іріктеу турлары өтуде. Конкурс вокалдық өнері (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән, инструменталдық орындаушылық (дәстүрлі өнер, классикалық өнер, эстрадалық өнер), хореографиялық өнер (халықтық би, классикалық би), көркемдік оқу сияқты 4 номинациялар бойынша бойынша ұйымдастырылады.

Үздіктер «Бурабай» демалыс аймағында екі апалық дайындық курсынан өтуге мүмкіндік алады. Осы уақыт ішінде қатысушылар танымал өнер шеберлерінің шеберлік сыныптарын тыңдап, тимбилдинг, экскурсия және т.б. ойын-сауықтыру, танымдылық іс-шараларға қатысады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, Фестивальдің жеңімпаздары лауреат атақтарымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Сондай-ақ жеңімпаздар жоғары дәрежелі халықаралық конкурстарға қатысуға және еліміздің шығармашылық өнер оқу орындарына ұсынылады.

Аталмыш фестивальдің Гала-концерті 1-ші шілде күні Астана қаласында өтеді.