Новости

АҚЫЛЫ КӨЛІК ТҰРАҚТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮШ АЙДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ақылы автотұрақ жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс шараға, Астана қаласы автомобиль және көлік инфрақұрылымын дамыту және көлікті басқару басқармасы бастығының орынбасары Алихан ҚУАТБЕКОВ, «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Бекмырза ИГЕНБЕРДИНОВ, Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сымбат ШОҚЫТАЕВ, және «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС директоры Ардақ ТҰРҒАНҚҰЛОВ қатысты.

Ағымдағы жылдың 15-қаңтарынан «Нұржол» желекжолында, Астананың көлік тұрағы кеңістігін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру аясында, ақылы тұрақтар жұмыс істей бастады.

Содан бергі арада өткен үш ай ішінде ақылы тұрақтар қызметін 16,5 мыңға жуық жүргізуші пайдаланған, тұрақтарға автөкөліктердің 46 мың рет қойылғаны тіркелген. Алайда арнайы жүргізілген талдау, тұрақ ақысын оған темір тұлпарларын қойған автокөлік иелерінің 10% -ы ғана төлейтінін көрсетті.

«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС Астана қаласы ІІД әкімшілік полициясымен бірлесе отырып, Нұржол желекжолы бойында орналасқан ақылы көлік тұрағы аймақтарында және "Тоқтауға тыйым салынған", "Көлік қоюға тыйым салынған" белгілері орнатылған аймақтарда ереже бұзушыларды анықтау мақсатында екі мәрте рейдтік шара өткізді.

Тұрақ ақысын төлемегендер тізімі www.2888.kz сайтында бір ай бойы жарияланып отырды. Иелері тұрақ ақысын төлемей кеткен автокөліктер нөмірлері күн сайын жаңартылып тұрды.

Сонымен қатар, 3 ай бойы «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ақылы тұрақты тегін пайдалану құқығына ие азаматтар санаттарын тіркеумен айналысты. Күні бүгінге дейін мұндай тіркеуден жеңілдігі бар 200-дей азамат өткен. Тағы да естеріңізге сала кетсек, мұндай санатқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері, өздері үшін арнайы орындар белгіленген бірінші және екінші топ мүгедектері, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерінің иегерлері, «Алтын Алқа» және «Күміс Алқамен» марапатталған көп балалы аналар, Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккендер, сондай-ақ Ауғанстандағы және басқа да жауынгерлік әрекеттер ардагерлері мен мүгедектері жатады. Жоғарыда аталған азаматтар жеңілдікке ие болу құқықтарын жұмыс күндері Шарль де Голль көшесі, 1а үйге келіп, рәсімдеуі тиіс. Мұндай жеңілдіктерді 2018-жылғы сәуірдің 23-іне дейін рәсімдеп үлгермеген қала тұрғындары, өз мекенжайларына, көлік тұрағы ақысын төлемегені үшін айыппұл салынғаны туралы ұйғарым келген жағдайда, бұл мәселені сот арқылы шешулеріне тура келеді.

2018-жылғы сәуірдің 23-інен бастап, тұрақ ақысын төлемегендер туралы деректер, айыппұлдар өндіріп ала бастау үшін, Әкімшілік өндірісінің біріңғай реестріне (ӘӨБР) және Астана қаласының ІІД Әкімшілік полициясы басқармасына жолданатын болады.

Әрбір 15 минут сайын тұрақтағы барлық 487 орын фототіркеу құралы орнатылған арнайы автокөлік көмегімен бақыланып отырады, - дейді «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС директоры Ардақ Тұрғанқұлов. – «Дозор-М» аппаратты-бағдарламалық фототіркеу кешені автокөлік нөмірін тіркеп, оқиға болған орын, дата және уақыт көрсетілген деректер пакетін құрастырады. Сосын оны сымсыз байланыс желісі арқылы деректерді өңдеу орталығына жолдайды.

Естеріңізге сала кетсек, кешен қозғалыссыз тұрған көлік құралдары қатысуымен аялдау және тұрақтау ережелерінің бұзылғанын және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған.

Сонымен, көлікті тұраққа қою ережесінің бұзылғанын тіркеп тұратын сертификатталған құралдар арқасында, көлік тұрақтары ақысының дер кезінде төленген-төленбегені туралы деректерді жинақтау мүмкін болды. Ал көлік тұрақтары ережесін ұдайы бұзатындар туралы Астана қаласының ІІД Әкімшілік полициясы басқармасына жіберіледі.

— ҚР «Көлік құралдарының аялдамасын немесе тұраққа қою ережелерін бұзу» ӘҚТК 597-бабына сәйкес, тұрақ ақысын төлеуден жалтарғандарға үш айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 2405 теңгеге тең, - дейді Астана қаласы ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Сымбат Шоқытаев, - яғни мұндай айыппұл мөлшері 7215 құрайды. Бір жыл ішінде осы Ереже қайта бұзылған болса, салынатын айыппұл мөлшері 5 АЕК болады.

Нұржол желекжолы бойындағы тұрақ аймақтарына түсетін салмақ деңгейін талдау нәтижесінде, уәкілетті органдармен «Казмедиа Орталығы», «Изумрудный квартал» ТК, «Корме» орталығы және «Нұрсая» ТК маңындағы тұрақ орындары санын 113 көлік орынына ұлғайту туралы келісілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2019-жылы еліміздің бас қаласында 10 мыңнан астам тұрақ орынын ашу жоспарлануда.

«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС баспасөз қызметі