«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Алматы облыс әкімдігінің 

2016 жылғы 2 ақпан

№ 47 қаулысының

қосымшасы 

«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелері

1. «Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Алматы облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық-имидждік саясатты іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мекеменің ұйымдастыру- құқықтық түрінде құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие болатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі – коммуналдық.

3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер- Министрінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

4. Мекеменің құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігі болып табылады (бұдан әрі - Құрылтайшы). Құрылтайшы құжаттар оның құрылуы туралы акт және осы Қағидалар болып табылады.

5. Мекеменің уәкілетті органы «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік мекемесі болып табылады. 

Мекемеге қатысты коммуналдық меншік құқығындағы субъект қызметін Алматы облысының әкімдігі жүзеге асырады.

6. Мекеме жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, шығыстарды қаржыландырудың жылдық жоспары бар, Заңды тұлға мәртебесіне ие болатын коммерциялық ұйым болып табылады, белгіленген тәртіпте бекітілетін штаттық кестесі бар.

7. Мекенің толық атауы: 

1) мемлекеттік тілде: «Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі»;

2) орыс тілінде: «Региональная служба коммуникаций Алматинской области».

8. Мекеменің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй.

9. Мекеме мен уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар 2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес реттеледі.

2. Мекеменің заңды мәртебесі 

10. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіркеуден өткен мезеттен бастап құрылды деп саналады және заңды тұлға құқығына ие болады.

11. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өз балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы бейнеленген бланкілері және мөрі бар.

12. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде шығуға және оны құруға құқы жоқ.

13. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олардың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелуінен кейін күшіне енеді.

14. Мекеме қызметінің негізгі мәні өңірлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету бойынша Қазақстан Республикасының жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ қызметін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау болып табылады.

15. Мекеме қызметінің мақсаты БАҚ пен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдай жасау, мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстары кооперациясының тиімді тетіктерін құру болып табылады.

16. Мекеменің негізгі міндеттері:

1) өңірде ақпараттық күн тәртібін жоспарлау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) Алматы облысы әкіміне тікелей бағынысты және есеп беретін жергілікті атқарушы органдар үшін медиа-сценарийлер және ақпараттық хабарламалар әзірлеу; 3) өңірлік брифингтер мен баспасөз мәслихаттарарын ұйымдастыру және өткізу;

3) маңызды іс-шаралардың ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету;

4) негізгі тақырыптық бағыттар бойынша ақпараттық және талдау материалдарын дайындау;

5) өңірде басты және әлеуметтік маңызды ақпараттық желеу бойынша БАҚ-қа ресми ақпарат ұсыну және әзірлеу;

6) БАҚ-та орналастыру үшін ақпараттық материалдарды жасау;

7) әлеуметтік медиадағы жұмыстарды ұйымдастыру;

17. Мекемеге жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1) ұзақ мерзімді және ағымдағы медиа-жоспарларды әзірлеу;

2) әртүрлі салалар бойынша ақпараттық деректер базасын толтырумен өңірде ақпараттық алаңның ағымдағы жағдайының талдауы;

3) тұрақты шолулар, анықтамалар және есептер құрумен келіп түскен ақпараттарды талдау;

4) жинақталған материалдардың негізінде ақпараттық алаң дамуының талдау және болжау құжаттарын, сценарийлік жоспарларын дайындау;

5) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері бойынша апталық, айлық жылдық кезеңдерге жергілікті атқарушы органдар үшін ұсыныстар әзірлеу;

6) жергілікті атқарушы органдар үшін әртүрлі ақпараттық оқиғалар бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды(топиктер) дайындау; 7) қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге мемлекеттік органдар үшін ақпараттық іс-шаралардың оқиғалар қатарын дайындау; 8) бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;

9) жергілікті атқарушы органдар үшін әдістемелік ұсыныстар мен материалдар әзірлеу;

10) интернет-ресурстарда мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету;

11) бұқаралық ақпарат құралдары үшін тренингтер өткізу;

12) сұрауларды жүзеге асыру, жергілікті атқарушы органдармен, оның ішінде арнайы, құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік емес ұйымдармен өз құзыреттілігі шегінде хаталмасуды жүргізу;

18. Негізгі міндеттерді және өзіне жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін Мекеме өз құзыреттілігі шегінде құқылы:

1) дағдарыстық жағдайлар кезінде тек Мекеменің келісуі бойынша және «бір терезе» режимінде ғана БАҚ-қа ақпарат беруді ұйымдастыру;

2) Орталық коммуникациялар қызметімен ұқсастық бойынша Мекеме базасында құрамына индустрия мен бизнестің «зәкірлі» нысандарының, жергілікті атқарушы органдардың баспасөз хатшыларын, сондай-ақ ішкі саясат басқармаларының, өзге мүдделі құрылымдар басшылықтарын қосумен медиалық саясат жөніндегі өңірлік жұмыс топтарын құру;

3) Мекеменің басшылығына облыс әкімінің шұғыл кеңестері мен отырыстарына қатысуға;

4) Өзінің қызметтік міндеттерін орындау шегінде облыстың барлық мемлекеттік мекемелеріне рұқсат алуға;

5) Мекеме жергілікті баспа, электронды интернет БАҚ-тың бас редакторларының өңірлік клубын құру жөнінде бастама көтеруге.

19. Мекеме басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау үшін жеке жауапкершілік алуға міндетті.

20. Мекеменің осы Қағидаларда бекітілмеген, оның қызметіне жауап бермейтін қандайда бір мәмілелерді жасауға, сондай-ақ қызметтерді жүзеге асыруға құқығы жоқ.

21. Мекеме басшысының коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңсыз қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеті еңбек міндеттерін 4 бұзушылық болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соқтырады.

22. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтін өзге қызметтерді жүзеге асыру

4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару 

23. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Орталық коммуникациялар қызметінің әдістемелік қолдауымен уәкілетті орган жүзеге асырады.

24. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1)Мекемеге мүлікті бекіту бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

2) Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) Мекеме мүлкін сақтау үшін бақылауды жүзеге асырады;

4) Мекеменің құрылымын, құру тәртібін және басқару органдары өкілеттігінің мерзімін, Мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін белгілейді; 5) Мекеме басшысының құқығын, міндетін және жауапкершілігін, Орталық коммуникациялар қызметінің келісуі бойынша қызметінен босатудың негізін белгілейді; 6) Орталық коммуникациялар қызметінің келісуі бойынша Мекеменің шекті штаттық санын және құрылымын бекітеді; 7) Мекеме басшысына ұсыну бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымдық қызметке тағайындайды және одан босатады;

8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

9) мемлекеттік мүлік бжөніндегі уәкілетті органға Мекемеге берілген немесе олардың жеке шаруашылық қызметтерінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алу не қайта бөлуге келісім береді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

25. Мекеме басшысы Орталық коммуникациялар қызметінің келісуі бойынша уәкілетті органмен лауазымдық қызметке тағайындалады және лауазымдық қызметтен босатылады.

26. Мекеме басшысы коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген жағдайларды қоспағанда) және Мекемеге жүктелген міндеттерді орындау және олардың өз қызметтерінде жүзеге асырылуы үшін жеке жауапкершілік алады

27. Мекеме басшысы өзінің іс-әрекеттерін Орталық коммуникациялар қызметімен келіседі, сондай-ақ осы Қағидалармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген оның құзыреттілігіне сәйкес Мекеме қызметтерінің мәселелерін шешеді. 

28. Мекеме қызметін жүзеге асыру кезінде басшы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте (әкімдіктің қарауы бойынша):

1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді; 2) Мекеме мүдделерін жергілікті атқарушы органдарға, өзге ұйымдарға ұсынады;

3) шарттар жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5)Мекеменің іссапарлар, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында қызметкерлерді стационарлық оқыту, қызметкерлердің біліктіліген арттырудың өзге де түрлері бойынша жоспарларды және оның тәртібін бекітеді;

6) банктік шоттар ашады;

7) бұйрықтар шығарады және барлық қызметкер үшін міндетті нұсқаулар береді;

8) Орталық коммуникациялар қызметінің келісуі бойынша қызметке тағайындайды және Мекеме қызметкерлерін, уәкілетті органдармен тағайындалған өзге де қызметкерлерді жұмыстан босатады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте Мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жазаға тартады.

10) Орталық коммуникациялар қызметінің келісуі бойынша өзінің орынбасарлары мен коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басшылық ететін қызметкерлерінің функционалды міндеттері мен өкілеттілік аясын белгілейді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, осы Қағидалармен және уәкілетті органдармен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады. 

5. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлкінің пайда болу тәртібі 

29. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі – оның балансында құны көрінетін заңды тұлғаның активтері:

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі келесілер есебінен қалыптасады:

1) Жеке меншік иесінің оған берген мүлкі;

2) Жеке қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлкі (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де көздер.

30. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өздігінен оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иелігінен шығаруға және басқа да тәсілдермен басқаруға құқығы жоқ. 

31. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады.

32. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады.

33. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру мен бақылау жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

6. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі

34. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамаларының нормаларына қайшы келмеуі тиіс. 

7. Құрылтай құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі

35. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу құрылтайшымен жүзеге асырылады.

36. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тіркеледі. 

8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату шарттары

37. Коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.