Новости

ТУРКОД: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ШЕТЕЛДЕ ДЕМАЛУ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Қазақстанда 2016 жылдың аяғында заңнамалық деңгейде Қазақстан Республикасындағы «Туристік Қамқор» шетелге шығу туризмі аясында азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілді.

Осы шара туристік нарықтың кейбір өкілдерінің тарапынан олардың кінәсінан қазақстандық туристердің көпшілігі шетелдерде жататын орындары төленбей және/немесе қайтатын билеттері болмай қалуы сияқты алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты қабылданды. 2010 жылдан бері маусым кезінде көп жағдайда туроператордың банкрот болуымен, не болмаса алаяқтық схемалармен, чартерлік авиакомпаниялар проблемаларымен жалғасқан жағдайлар тіркелді. Осы уақыт аралығында барлығы 12 мың адам зардап шекті, ал шығын көлемі ондаған миллион доллардан асып түсті. Осы оқиғалар аясында шетелдегі қазақстандықтарға шұғыл көмек көрсететін, осындай жағдайлар туындаған кезде қазақстандық туристерді отанына қайтаруға кепілдік беретін «Туристік Қамқор» қоры құрылды. «Қазақстан Республикасындағы Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен шетелге шығу туризмі аясында туроператорға 5 000 АЕК мөлшерінде, 12 миллион теңгеге жуық банктік кепілдік ұсыну қажеттігі, ал туроператор-фрахтовательдер үшін осы сома 15 000 АЕК, 36 миллион теңгеге жуықты құрайтындығы белгіленді. Қорға қатысушы туроператор әрбір жолданатын турист үшін 0,5 АЕК көлемінде аударым жасауы тиіс. Бұлай болмаған жағдайда туроператор заңсыз қызметті жүзеге асырды деп есептеледі. «Туристік Қамқор» Қоры 2016 жылдың 7 қарашасынан бастап жұмыс істейді. Қазіргі сәтте Кепілдік беру жүйесінде 59 туроператор және банктік кепілдік ұсынатын туроператор-фрахтовательдер тіркелген. Қазіргі кезде олар ТУРКОДтар беріп отыр. Заңнама аясында бүгінгі күні: www.fondkamkor.kz сайтының «Қатысушылар тізімі» бөлімінде берілген компаниялармен жұмыс істеп отыр. Мониторинг деректері бойынша нарықты қамту 80% астамды құрайды және әлі 20 жуық туроператор Жүйеге кіреді деп күтілуде.

ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығатын елге қатысты) қаріптік-сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Бұл шифр әрбір турист үшін айрықша нәрсе. Туркод агенттің электронды поштасына жіберіледі. Туркодтар Қордың турларының электронды тізілімінде сақталады. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде Қормен байланысып, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды және шұғыл түрде көмекті күтеді. Туркод жеке парақпен берілуі мүмкін және жолдамаға жазылып берілуі мүмкін.

 

ТУРКОДТЫҢ болуы турфирма арқылы шетелге демалуға баратындардың барлығы үшін міндетті болып табылады. Егер турист турфирма арқылы ресімделетін болса, ол міндетті түрде ТУРКОДТЫ алуы тиіс. Яғни туроператорлар турпакетті берген кезде туркодты да бірге беруі тиіс. Іскер іссапарды, жеке мақсаттағы іссапарды жүзеге асыра қалған шетелге шығатындарға аталған талап қолданылмайды. Турагенттіктің көмегінсіз шетелге демалысқа шыққан жағдайда туристте ТУРКОД болмайтынына ерекше назар аударамыз – Кепілдік Жүйесімен қорғалмайды деген сөз. Қордың бүкіл жұмыс істеген уақытында 380 мыңнан астам қазақстандықтарға туркодтар беріліп үлгерілді. Қазіргі сәтте қорда 400 млн. астам теңге қаражат жиналды. Барлық ақша арнайы шотта жиналады және тек мақсатына сай ғана пайдаланылады. Қор барлық туристерге туристік қызмет көрсету шартын жасағанға дейін турагенттен таңдалған турпакет туралы – ол «Туристік Қамқор» қатысушылар тізіміне кіретіндігі туралы қызығушылық білдіруді табандылықпен ұсынады. Туристерге шетелде көмек көрсету туроператордан туржолдаманы алғандарға ғана кепілдендірілген – шетелге шығу туризм саласындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын кепілдендіру жүйесінің қатысушылары. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясымен Меморандумға қол қойылды, қазақстандықтар көбірек ұнататын елдермен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр және проблема туындаған жағдайда оларға қажетті ақпаратты жедел ұсыну, демалып жатқандар тарапынан туындайтын барлық сұрақтарға құзыретті жауаптар беріледі.

 

«Туристік Қамқор» Корпоративті

Қорының баспасөз қызметі