Новости

Previous Next

«Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму басымдықтары»

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы азаматтық

қоғамның даму басымдықтары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова қатысты.

Спикерлер азаматтық қоғам дамуының басымдықтары, сонымен қоса қазіргі уақытта іске асырылып жатқан министрліктің бастамалары туралы баяндады.

Министрлікпен азаматтық қоғам саласындағы нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде. 13 маусымда Елбасы «Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заң мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың механизмдерін жетілдіруге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ көрсетілетін қызметінің сапасын арттыруға, сонымен қоса құзыретті органға мәліметтер беретін үкіметтік емес ұйымдардың тізімін оңтайландыруға бағытталған.

Министрліктің бастамасымен тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік органның бірінші басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу кестесі дайындалды. Азаматтық сектор өкілдерінен келіп түсетін тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша ҚР Үкіметін ақпараттандыру жүйесі реттелген.

Қоғамдастық тарапынан Кездесу кестесін сақтауды бақылау ҮЕҰ өкілдері – ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатарындағы мониторингтік топпен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдарда азаматтық қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл уәкілі институты енгізілуде. Қазақстан Үкіметінің бұл шешімі мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен транспаренттілігін кеңейту жұмыстарының жалғасы саналады.

Министрлік ҮЕҰ жобалық серіктестікті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттар негізінде дамытады. Бұл жерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ҮЕҰ қызметтік төлемдерге ғана мүмкіндік береді, ал ҮЕҰ кадрлық және материалдық ресурстарын нығайту мүмкіндігін қарастырмайды.

Соңғы екі жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың көлемі 2 еседен артық ұлғайтылып, 20 млрд теңгеге жуықтады.

Республикалық диалогтік алаңдарды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда азаматтық сектор дамуының заңнамалық және институционалдық мәселелері шешіледі. Азаматтық форум, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесі және «ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумы алаңдары бар.

Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Биыл 21-22 маусымында Алматы облысында «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі» тақырыбы бойынша ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің «ASAR» үшжақты ынтымақтастық II республикалық форумы өтеді. Форум жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың күш-жігерін белсенді етуге бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша мемлекет пен ҮЕҰ-ның 300 диалогтік алаңы қызмет істейді.

 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі, тел. 740085, e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.