Новости

Previous Next

ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесудің қорытындысына арналған баспасөз-конференциясы өтті.

«Есепті қаржы жылында мемлекеттік бюджетке кірістер (трансферттерді қоспағанда) 7 трлн. теңгеден астам соманы құрады. Жоспар 102,2%-ке орындалды, өткен жылға өсім 700 млрд. теңгені, немесе 11%-ті құрады», - деп хабарлады министр, жоспардың артығымен орындалуына негізінен салық түсімдерінің өсуі есебінен болғанын қосымша атап өтті.

Шығыс бөлігі бойынша да рекордтық игеруге қол жеткізілді.

«Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстары тиісінше 99,8%-ке және 99,6%-ке атқарылды, бұл өткен жылдың деңгейінен жоғары (2016 жылы РБ бойынша - 98,3%, ЖБ бойынша - 99,2%). Бұған тиімді бюджеттік жоспарлау және оны атқару есебінен қол жеткізілді», - деді Б.Сұлтанов.

Қаржы министрлігінің басшысы бұрынғысынша бюджеттің басымдығы әлеуметтік сала болып қалып отырғанын атап өтті. «Бюджет құрылымында әлеуметтік шығыстардың үлесі 2016 жылы 49,8%-тен 2017 жылы 51,5%-ке дейін ұлғайды, яғни бюджет қаражатының 50%-тен астамы әлеуметтік салаға бағытталды», - деп ол атап өтті.

Министр мемлекеттік сатып алу мен бюджеттік жоспарлау саласына (жергілікті өзін өзі басқару бюджеттерін қоса алғанда) енгізілетін жаңашылдықтар туралы, сондай-ақ ведомствоның бизнес-процестерді жеңілдетуге және салық базасын цифрландыру және әкімшілендіру есебінен салықтардың жиналуын арттыруға бағытталған жұмысы туралы хабардар етті.

 

ҚР Қаржы министрлігінің Баспасөз қызметі

Тел. 75-03-75, 75-03-42

Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

www.minfin.gov.kz