Орталық коммуникациялар қызметінде II-ші Дүниежүзілік «Астана»
театр фестивалінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына қатысқан спикерлер: Қазақстан театрлары ассоциациясы президенті Асанәлі Ашимов; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы; Қазақстан театрлары ассоциациясының вице-президенті, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма тетарының директоры Асхат Маемиров; Канн фестиваліндегі Алтын пальма бұтағы және Оскар сыйлығының иегері, атақты француз театр және кино актрисасы Жюльет Бинош.
II Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елордамыздың 20-жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп жатыр. «Астана» театр фесьтивалі әлемдік театр ұжымдары өнер көрсететін мәдени ауқымды шараға айналды. Фестивальді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен Қазақстан театрлары ассоциациясы өткізді. «Астана» театр фестивалінде 13 елден келген 17 театр 18 спектакль қойылды. Баспасөз конференциясында кездесудің қатысушылары театр фестивалінің қорытындысын жасап, отандық театр өнерінің заманауи қалпы мен дамуы да қозғалады.
Дәл осы күні Бейбітшілік және келісім сарайында 19:00-де II Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің жабылу салтанаты өтеді. Әлемдік киноматографияның жұлдызы Жюльет Бинош (Франция) қала қонақтары мен тұрғындарын моноспектаклімен қуантады. Оскар сыйлығының иегері Жюльет Бинош «Жүректен шыққан сырлы сөз» шығармашылық кешін ұсынады. Жюльет Бинош атақты француз әншісі Барбараның өмірінен іріктелген бірнеше повесть орындайды. Әйгілі актрисаны CNSM камералық музыка сыйлығының иегері Винсент Летерм фортепианомен сүйемелдейді.



