Атақты Қарқара өзені, таңғажайып жайлауы, сеңгір-сеңгір асқар тауларымен ғана бай емес, оның қойын-қойнауы кенге, əсіресе ғасырлар бойы құпиясын сақтап жатқан тарихи жəдігерлерге де өте бай. Шөладыр қырқасының төменгі тұсынан бұрыннан жұртқа белгілі тұз шығатын, халық оны Тұзкен атап кеткен. 1830-1940 жылдары тұз қайнатып, ол ақ тұзды ел қажетіне жаратуға аттандыратын кəсіпорын болған еді. Қазір одан шыққан тұз бұлақ төменгі өзенге қарай ағып жатыр. Қарқараның осы Шөладыр қыраттарынан кейінгі жылдары емдік қасиетке ие арасан бар. Көптеген ауруларға шипа, пайдасы мол.



