Новости

Previous Next

«Жас десантшылар» командасы «Айбын-2018» ІІІ орынды иеленді

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Айбын 2018» жиынында жүлделі ІІІ орынды иеленген Кербұлақ ауданының «Жас десантшылар» командасы қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

 

Айта кетелік,  ҚР Қарулы Күштерінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысы «Спасск» оқу-жаттығу орталығындағы  Республика бойынша 36 команда қатысқан «Айбын 2018» жиыны өткен. Шарада Алматы облысының атынан шыққан «Жас десантшылар» командасы  жүлделі ІІІ орынды иеленді.  

Төртінші рет ұйымдастырылып отырған жастар жиынына «Жас десантшылар» командасы алғаш рет қатысып, 12 номаницияның            11 түрінен 26 медаль, 3 кубок, әскери топтар арасында үздік және жалпы командалық жарыста ІІІ орынды жеңіп алды.

«Ең алдымен осы жиынға қатысуға ықпал етіп, материалдық базамен жасақтаған, сонымен қатар патриоттық рух берген аудан әкімдігіне  алғыс айтқымыз келеді. Себебі, төртінші рет өткен республикалық жиынға алғаш рет облыс атынан қатысуға мүмкіндік алдық.  Команда құрамында 15 қатысушы оның ішінде 10 ұл, 5 қыз болды. №29108 әскери бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып,  40 баланың ішінен 15 ұланды іріктеп алып,   3 ай көлемінде қатаң дайындықтардан өткіздік», - деді Кербұлақ ауданы, Күреңбел қазақ орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, команда жетекшісі Бейісбай Сартаев.

«Айбын 2018» жиынында спорттық, интеллектуалдылық дайындығымен көзге түскен, Сарыөзек орта мектебінің президенті, команда қатысушысы Алмаз Сайлау да өз әсерімен бөлісті. Сонымен қатар, жас ұлан робот моделінің құрылысы жайында және осы жұмыста қанша тер төккендігі туралы толық баяндап берді.

«Аталған жиында нағыз әскери тәртіпте апта бойы, адуынды қарсыластар арасында бақ сынадық. Бұл біз үшін өмірлік тәжірибе болды. Жеңіске жету мақсатында тынбай дайындалдық. Мен бір жылдан астам уақыт кермеге тартылу, жүгіру секілді спорт түрлерінен дайындық жүргізіп жүргенмін. Алайда, қай жарыс не шарада сыналатынымды білмедім. «Айбында» өзімнің жеке қырларымды ашып, спорттық, интеллектуалдылық жағынан көрсеттім. Айта кетерлігі, кермеге тартылудан жекелеген сайыстан да командалық жарыстан да ІІ орын алдық. Сонымен қатар, робототехникалық сайыста ІІ орынға шықтым. Менің моделімде «Ордуин» движогі қосылған», - деді команда қатысушысы Алмаз Сайлау .

 «Командалар арасындағы қыз капитаны бар ерекше топ болдық. Қыздар әдейілеп, шаштарымызды «дред» үлгісінде өріп алдық. Ерлермен бірдей спорттық шараларда өнер көрсеттік. Біздің  тобымыздың ерекшелігі, жаттықтырушыларымыз әр сайысқа қатысушыны арнайы дайындады. Әрқайсысымыз белгілі бір саланың маманы болдық. Біз алғаш  қатысқандықтан және команда капитаны қыз болғандықтан өзге қатысушы топтар бізге әлсіз қарсылартар секілді қарады. Доданың бірінші күндерінен-ақ жеңіс мінберіне сан мәрте шығып, жарыс соңында ең үздік команда болып танылдық», - деді Күреңбел қазақ орта мектебінің президенті, команда капитаны   Айдана Тойгулова тоқталды.

 Сонымен қатар, команда мүшелері ата-аналарының еңбектегі ізін қуып, болашақта «әскери қызметкері» атанатындар мақтанышпен мәлімдеді.