Новости

Previous Next

Үштөбеде жаңа базар ашылмақ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Орта және шағын бизнес жаалықтары

Қаратал аудандағы саудагерлер үшiн жаңа дәуiр басталады. Енді қаланың сәнін бұзып тұрған базарларға қарағанда жаңа заман талабына сай салынған базарлар аудан шырайын келтірмек. Олай деуімізге бір себеп, «Абақ» сауда үйінің артында орналасқан – “ЖАЙЛАУ” коммуналдық сауда орталығы бой көтердi. Аталмыш базар (Гагарин 3/5 көшесiнде) аралас сауда орталығы болмақ. Орталық 280 кв. жердi алып жатыр. Әзiрге мұнда 28 орынға арналған дүкен, 100 орынға лайықтылған дала алаңы қарастырылған.

Жайлау сауда орталығы талапқа сай жасалған. Онда киiм-кешек дүкендерi, азық-түлiк, көкөнiс, жемiс-жидектер, асхана, ет павилионы, автотұрақ, күзет, өртке қарсы қызметтер санитарлы нормаға сәйкес, қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Орталықты ұйымдастырушысы әрi басшысы, ауданымызға танымал жеке кәсіпкерлердің бiрi - Жайлау Власов.

Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске қосудың арқасында «Даму» Қоры арқылы 50 млн. теңге несие алып, өз кәсiбiн дөңгелетпек оймен және халықты жұмыспен қамту мақсатында жаңа сауда орталығын ашуды көздеп отыр. Орталықтың ашылу салтанаты 30 тамыз - Конституция күні деп жоспарлануда.

– Қазiргi таңда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында мемлекеттiк бағдарламалар жүзеге асып келедi. Елiмiзде кәсiппен айналысамын деген iскер жандарға қандай жұмыс көзiн қарастырсаңыз да мүмкiндiктер жетерлiк. Мәселен, мына базар осыған саяды. Яғни, жұмыссыздықты азайтып, табыс көзiн табу, осындай кәсiпкерлiктiң дамуымен көрiнiс табады. Айтпағымыз, қаламызда ашылатын жаңа сауда орталығы болып отыр, - дейдi базар басшысы Ж. Власов.  

Сауда орталығының бар тыныс-тіршілігін бақылап жүрген Жайлау Власовтың көмекшісі Ілиястың айтуынша, сату алаңында сатушылардың барлық жағдайы қарастырылған, тіпті сақтау қоймасының, қыс мезгілінде жылумен қамтамасыз етілетіндегін айтты. Сату алаңының көлеміне байланысты жабық базар ақысы күніне 300 бен 800 теңге аралығында болса, ал дүкендер 1000 теңге болмақ. Барлық сатушыларға 1-ші ай тегін екендігін айта кетейік. Базардың сыртқы келбетін көрген біз аудан тұрғындары үшiн жағымды жаңалықтың бірі боларына сенімдіміз. Қандай адамзат болмасын өсіп-өнген, тұрғылықты мекенінің сыртқы келбетінің көркейгенін көрсе қуанышқа кенелетініне сенімдіміз. Әр азамат туған жеріне теңізге тамшыдай көмек көрсетіп, қол ұшын созса нұр үстіне нұр болар еді.