Новости

Previous Next

Талдықорған қаласында «Jetisu style» облыстық жастар фестивалі өтпек

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Жетісуда халықаралық жастар күніне орай 2018 жылдың  16 тамызында Қаратал өзенінің жағалауында «Jetisu style» облыстық жастар фестивалі өткізілмек. Осы тақырып аясында  өңірлік коммуникация қызметінде баспасөз- мәслихаты  өтті.  Іс-ш

араның басты мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру болып табылады. Фестивальге облыстың аудандары мен қалаларынан 200 - ге жас таланттар қатысады.

«Концерттік бағдарламада әншілер, бишілер, ақындар және де 100 күйші өнерпаздар бой көрсетеді. Фестиваль аясында 25 - ке жуық алаң ұйымдастырылып отыр. Оның ішінде кішкентай бүлдіршіндерге арнайы 10 аниматор және 4 косплей шақырылды. Жастар фестивалінің аясында «Золотой цирк Сибири» өз өнерлерін кеш қонақтарына тарту етеді. Цирк бағдарламасында маймыл, тотықұстар, күзендер, әуе акробаттары тағыда басқа қызықты көріністер сіздерді күтуде. Кештің жұлдызды қонақтары Raim & Artur  дуэті», - деді Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жакупов Ерлан Жұмашұлы.

Бұдан кейін тоқыма тоқу бойынша Қазақстаның рекорттар кітабына енген Нұрлан Жартыбеков өзінің рекортын халықаралық деңгейді жаңартпақ ниетте екенін айтып өтті. 2018 жылдың 13 тамызынан 16 тамызына дейін 72 сағат бойы яғни үш тәулік үздіксіз тоқитынын жариялады. Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы Нұрлан Жартыбековтің  3 күндік тұрмысы үшін барлық керекті жабдықтарымен қамтамасыз еткен. Рекорд нәтижесі 16 тамыз күні «Jetisu style» облыстық жастар фестивалінде анықталады.

-         Мен тоқыма өнерімен айналысқаныма 20 жылға жуық уақыт өтті. «Тоқыма – әйелдің ісі» деп күлкі еткендерде аз болмады алайда, бойыма әжемнен тараған бұл өнерді мен шын жан-тәніммен сүйемін. Қазіргі уақытта мен өз өнерімді жастарға насихаттау, үйрету жұмыстарын жүргізіп жүрмін, - дейді ол .

«Жас мұраты, білім, тәлім — талабы. Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы», - демейдіме. Олай болса,  Алматы облысының жастарына 16 тамыз күні өтетін «Jetisu style» облыстық жастар фестиваліне жастықтың қару-жарағын сайлап қойыңыздар демекпіз.

                                                                      Меруерт Махмұтжан