Новости

Previous Next

Әлемдік додалардағы үлкен жеңістер

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Азия мемлекеттері арасында спорт саласындағы мықтыларды айқындай додалар қатары жалғасуда. Жарыстардан спортшыларымыз жеңіспен оралып,

мерейімізді асырып жатыр. Соның бірі, Елордамыз Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде 25-26 тамыз күндері қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп, шараға 11 мемлекеттен 100-ден аса спортшы қатысты. Жарыста 55 килогармм салмақ дәрежесінде Кербұлақ ауданының спортшысы Ербол Алдухан алтын медальды қанжығалады. 11 жасынан спорт саласына келген азамат қазақ күресінен 2012 жылы Қазақстан біріншілігінің  «Жас барысы», қазақ күресі мен самбо күресінен бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Ербол 2017 жылғы Азия ойындарында самбо күресінен  ІІІ орын, 2018 жылы Самбодан Азия чемпионы атанып, бүгінгі таңда самбо және қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.  Әкесі әрі жаттықтырушысы Қожахметов Еркін Базарбекұлының айтуынша:  «Баламның болашағынан зор үміт күтемін. Ендігі мақсатымыз қазан айында өтетін Еуразия барысында топ жару».

Сонымен қатар, Индонезияның астанасы Джакартада өткен  XVIII Азия аймақтық мульти-спорттық шарада елімізден 35 спорт түрінен 400-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.  Самбодан бес дүркін Азия чемпионы, Алматы облысы Кербұлақ ауданының спортшысы Ділдаш Құрышбаева 68 килограмм салмақ дәрежесінде самбодан ақтық сайыста Өзбекстан спортшысы  Нилуфар Давлетованы жеңіп,  Қазақстанға 14-алтынды әкелді. 2007 жылдан бері спорт саласында жүрген спортшы осыған дейін, 2014, 2015, 2016 жылдары Азия чемпионатында әйелдер арасында самбо күресінен І орын, 2017 жылы Ашхабатта өткен Азия ойындарында І орын, 2018 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған Әлем кубогында І орынды иеленген болатын. Спорт саласындағы қомақты үлесі мен ел мерейін көтерудегі жетістіктеріне орай, 25 жастағы Ділдаш Құрышбаеваға бүгінде Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілген. Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 9 орында тұрақтады.

Аудан әкімі Махаббат Бигелдиев: «Ауданымыз әлемдік, халықаралық додаларда оза шауып жүрген спортшыларға бай. Бұл орайда, бапкерлердің еңбегі ерен. Қажымай, талмай алға қойған мақсатына ұмтылған спортшыларымыз жеңістерімен қуантуда. Жеңіс құтты болсын!», деді. Ділдаш Құрышбаева 3 қыркүйек күні елге оралды. Чемпионымызды Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Тұратбек Чарапиев, аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен аудан әкімдігінің қызметкерлері, бапкерлер мен спортшылар және БАҚ өкілдері халықаралық Алматы әуежайында қарсы алып алды.