Новости

Previous Next

Толқыны тербелген айдынды Алакөл ауданына 90 жыл толуына орай Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, жерлесіміз, ақын, әнші - композитор, бірнеше кітаптардың авторы Естай Әлікеевтің «Алак

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Кеш барысында Отан, туған ел, өскен орта, ата – ана және махаббат жанрдағы әндер шырқалып, «Иірім» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кеш соңында Естай Әлекеевтың ұстаздары сахна төріне көтеріліп, өнер иесінің бала күнгі қылықтарын естеріне алып, мақтан тұтатындықтарын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Естай Әлікеев – 1971 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақтүбек ауылында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің филология факультетін бітірген. «Тағдырым мені, кешірші», «Анама», «Жүрегім – сазды сандығым», «Естай Әлікеевтің әндері», «Ән-жүрегімде», «Әзірге айтарым» сияқты жинақтары жарық көрген. 100 ден астам лирикалық және патриоттық әндердің авторы. Шөмішбай Сариев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне баса назар аударады. Әндерін қазақ эстрадасының шоқ жұлдыздары Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Дильназ Ахмадиева, «Каспий» тобы, «Нұр-Мұқасан» тобы, Есет Сәдуақасов, Динара Қырықбаева, Айкерім Қалаубаева, Өмірқұл Айниязов, Дина Хамзина, Қайыржан Бердібаев және басқа әншілер орындап жүр. Балаларға арналған өлеңдері бір төбе. Өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда жарияланып тұрады.

Бірнеше мәрте республикалық, халықаралық ән байқауларына қатысып, жүлдегер атанған.

Өнер иесі Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәдениетін дамытуына, ұлттық құндылықтардың кеңінен насихатталуына өзіндік үлесін қосқан.