Новости

Previous Next

Субсидиялау процестерін автоматтандыру өтінімдерді қарастыру мерзімін 2,5 есеге қысқартып, жемқорлық тәуекелділікті төмендетеді

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлімдеді.

АӨК-ді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізуде, оның ішінде субсидия беру процестері де бар.

Бүгінгі таңда, субсидиялаудың 14 бағытының ішінен ағымдағы жылы тыңайытқыш бойынша толық автоматтандыру жүргізілді. Онлайн түрде 18,2 млрд. теңгеге 20 мың электрондық өтінім тапсырылды. 17,1 млрд. теңге сомасына өтінімдер төленді. Ақпараттарды тексеру автоматты түрде жүзеге асырылып, қарастыру мерзімі 1 күнді құрады.

Таяу уақытта, дайындық жұмыстарынан кейін, басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялауды автоматтандыру жоспарлануда.

Жылдың соңына дейін субсидиялаудың қалған бағыттары толығымен автоматтандырылатын болады. Бұл, өтінімдерді қарастыру мерзімін 2,5 есеге қысқартып (18-ден 7 күнге дейін) және жемқорлық тәуекелділікті төмендетеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандырудың маңызды сәттерінің бірі осы процестен Субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі комиссияларды алып тастау болып табылады.

Осы шара субсидиялау процесіне лауазымды адамдардың араласуын алып тастайды, тиісінше, ондағы сыбайлас жемқорлық құрылымын мәнді төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ комиссиялардың құрамын құру мен бекітуге, оның отырыстарын дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге, комиссиялардың шешімдерін дайындау мен оған қол қоюға уақыт шығыстарын алып тастау есебінен мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері қысқарады.

Субсидиялау процестерін автоматтандыру осы процеске тартылған тараптардың, оның ішінде жекелеген лауазымды адамдардың жауапкершілігін дербес етуге мүмкіндік береді, өйткені жүйедегі әрбір іс-қимыл қаралатын және жүйеге қатысушы ЭЦҚ қоюымен расталатын болады.

Сондай-ақ субсидиялау процестерін автоматтандыру процесті бақылау мен мониторингілеуді нақты уақыт режимінде жүргізуге мүмкіндік береді. Яғни, фермер өзі тапсырған өтінімді өтінімдер тізімінен нақты уақыт режимінде көре алады.

Бұл ретте, деректерді жинау мен өңдеу бойынша процестерді автоматтандыру субсидиялау процестеріне тартылған тараптар арасында әртүрлі есептіліктер ұсыну қажеттілігін алып тастайды, бұл олардың арасындағы, оның ішінде орталық және жергілікті басқару органдары арасындағы артық құжат айналымының төмендеуіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар, адами факторларға байланысты есептік деректердегі қателіктер мен сәйкессіздіктер саны төмендейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін автоматтандырудың оң жақтарының бірі Интернет желісі арқылы барлық операцияларды жүйеде жүргізіп, сондай-ақ мемлекеттік қызметтік көрсетудің жалпы процесін нақты уақыт режимінде бақылай отырып, ХҚКО-ға немесе қандайда бір басқа органдарға бару қажеттілігін алып тастау болып табылады. Бұл, өз кезегінде, уақыт шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.

 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

555775