Новости

Previous Next

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Чеxия мемлекетінің Острава қаласында ересектер арасында 13-14 қазан күндері аралығында джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатында Алакөл ауданының спортшысы Айбол Аxметов күміс жүлдеге қол жеткізіп, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

Небәрі, 20 жастағы Айбол бүгінде Ұлттық жекпе - жектен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңіпазы және жүлдегері. Азия чемпионы. «Алтын» белбеу иегері. Джиу-джитсудан Қазақстанның 8 дүркін және Азия біріншілігінің жеңімпазы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Спортшымыздың бапкері Арнұр Нұрланұлы шәкірті туралы: «Айбол талай байрақты бәскелерде өзін жақсы қырынан көрсетіп, қайтпас қайсарлықпен талай көк туымызды көкте желбіретті. Жаттығу кезінде төзімділігі жоғары, қандай қиындықтар болмасын шыдамдылық таныта біледі. Алдағы уақытқа жоспарлар көп. Болашақта Айболым көптеген байрақты бәсекелерде алдыңғы қатардан көрінеді деген сенімдемін»,- деді.

Жас майталманымызға өмір мен спорт белесінде алар асуларың көп болсын дегіміз келеді!