Алматы облысы жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілерін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшіруге толықтай дайын.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев баспасөз мәслихатында айтты.
«Бүгінде облыс бойынша мемлекеттік қызметшілерге жаңа еңбекақы төлеу жүйесі енгізілгеннен кейінгі еңбекақы қоры толық болжанған, орташа есеппен, жалақы 2,1 есеге артатын болады», - деді Департамент басшысы.
Керекті қаржы жалпы ішкі қаржыландыру көздерінен және мемлекеттік органдардың күрделі шығындарын оңтайландыру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдерін қолдану арқылы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен шығарылатын болады.



