Новости

Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Өткен жылдың соңына таман Қазақстан бойынша кезекті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» анықталғаны баршамызға белгілі. Нақтырақ айтсақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің еншісіндегі аталмыш байқауда республикамыздың 84 жоғары оқу орнынан бақ сынасқан 444 үміткер арасынан 200 адам осы мәртебені иеленді.

Олардың арасында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қаржы-экономикалық факультеті «Мемлекеттік басқару және менеджмент» кафедрасының PhD докторы Эльмира Қыдырбаева да бар. Осы атақ 2015 жылы да аталмыш білім ордасының үлесіне тиген-ді. Яғни, аталмыш факультеттің білікті оқытушысы - «Экономика және бизнес» кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Төлешова иеленген болатын.

— Бұл грант жоғары оқу орындарының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және біліктілікті арттыру мақсатында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Алда әлі талай асу жатыр. Мәскеу бизнес мектебінен арнайы оқудан өтіп, нәтижесінде Халықаралық деңгейдегі бизнес-тренер сертификатын алдым. Енді алда бізді екі ғылыми тәжірибе алу сапары бар. Үстіміздегі жылдың маусым айында Испанияның Кадис университетіне жол түсіп тұр. Мен өзім еңбек етіп жүрген Жетісу университетінің абыройын биікке көтеруге әрқашан дайынмын, - деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2016 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Эльмира Қыдырбаева.