Новости

Апта маңызды шараларға толы болмақ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Сейсенбі күні, 4 сәуірде Парламент Сенатында экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық шолу брифингі барысында ОКҚ ресми Мұрат Жұманбай хабарлады.

Мұрат Жұманбайдың мәлімдеуінше, аталған отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылайды.

Сондай-ақ, ОКҚ ресми өкілінің ақпараты бойынша, 5 наурызда Парламент Мәжілісінің Пленарлық отырысы өтеді. Аталған отырыста «Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» жаңа заң жобасы қаралады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде әзірленген заң жобасы төлем мөлшерін көтеру бойынша заңнамасына бірқатар түзетулерді қарастырады. Атап айтсақ, жас мөлшері мен қызмет өткерген жылдары бойынша 2017 жылы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыру, сондай-ақ, баланың тууына байланысты төлемдер мөлшерін 20 пайызға көтеру бойынша түзетулер қарастырылады»,-деді Мұрат Жұманбай.

Сонымен қатар, депутаттар талқылауындағы бірінші оқылымға электрэнергетиканың мәселелері жөніндегі түзетулер жобасы, сондай-ақ, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты түзетулер жобасы енгізіледі.

Мұрат Жұманбайдың ақпаратынша, 4 сәуірде Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде «Импортты ауылшаруашылық техникасын сатып алу кезінде салық төлемдерінің мәселелері. Қорытындыны талқылау. Заң жобаларды бөлу» тақырыбында тематикалық отырыс өтеді.

Мұрат Жұманбай 6 сәуірде Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру туралы» дөңгелек үстел өтетінін де жеткізді.

Емханаларға бекітілген шаралар басталады

5 сәуірде ОКҚ алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың және МӘМСҚ (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының) басшысының қатысуымен емханаларға бекітілген шаралардың басталуына арналған брифинг өткізілу жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық шолу брифингі барысында ОКҚ ресми Мұрат Жұманбай хабарлады.

1950 жылдың 7 сәуірінен бастап жыл сайын Дүниежүзілік Денсаулық күні атап өтетінін ескерте кеткен жөн. 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылған болатын. Содан бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып отыр. 1992 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 180-ші мүше мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы қосылды.

«Дегенмен, Қазақстан 1978 жылдың қыркүйек айында ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамдастығы деңгейінде танылды. ДДСҰ/ЮНИСЕФ-тің 1978 жылы Алматы қаласында болған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференциясының арқасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамдастығында танымал болды және бүкіл дүние жүзінде денсаулық сақтауды дамытуға жаһандық ықпал етті»,-деді Мұрат Жұманбай.

 

Ерлік күні атап өтілмек

ҚР Ұлттық Ұланы 7 сәуір күнін Ерлік күні деп жариялады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық шолу брифингі барысында ОКҚ ресми Мұрат Жұманбай хабарлады.

«1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің 17 жауынгерін еске алу мақсатында ҚР Ұлттық Ұланы 7 сәуір күнін Ерлік күні деп жариялаған болатын. Осы күні Ұлттық ұланның бөлімшелері орналасқан аймақтарда ардагерлер, әскери міндетін өтеушілер, жеке құрамалар, қаза тапқан жауынгерлердің достары Отан алдындағы әскери борышын орындау жолында қазақ тапқан жауынгерлерге құрмет көрсетеді»,-деді Мұрат Жұманбай.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 7 сәуірінде сағат 11:00-де Астана қаласында «Отан қорғаушылар» монументінде ІІМ басшыларының және ҚР Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысының, Парламент депутаттарының, қоғам қайраткерлерінің, әскери ардагерлердің қатысуымен салтанатты шара өтеді.

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы туралы

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық шолу брифингі барысында ОКҚ ресми Мұрат Жұманбай хабарлады.

Мұрат Жұманбайдың мәліметінше. Әділет министрлігінің «ҚР Конституциясының ережелеріне сәйкестендіру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдамалары қарастырылады.

 

«Сарайшық: ұлы қалашығының тарихы» атты Халықаралық ғылыми конференциясы жоспарлануда

Орталық мемлекеттік органдардың шаралары жайында ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбай апталық шолу брифингі барысында хабарлады.

Мұрат Жұманбайдың ақпаратынша, 3 сәуірде Ұлттық музейде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Атырау облысының әкімдігімен «Сарайшық: ұлы қалашығының тарихы» атты Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Сондай-ақ, Мұрат Жұманбай конференцияның негізгі мақсаты - қалашықты қалпына келтіру мен бұзылудан сақтау мәселелеріне жоғары білікті шетелдік және отандық ғалымдардың назарын аудару екенін атап өтті.

«Аталған конференция барысында ортағасырлық Сарайшық қалашығын сақтап қалу бойынша шаралар мен ғылыми зерттеулердің қорытындысын талқыға салмақ. Себебі бүгінгі таңда табиғи-климаттық және антропогендік факторлардың әсерінен Сарайшық қалашығының жағдайы министрліктің, әкімдіктің, қоғам мен ғалымдардың алаңдаушылығын туғызуда»,-деді Мұрат Жұманбай.

Ғылыми конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Парламентінің депутаттары, тарих ғылымдарының докторлары, белгілі археологтар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, жақын және алыс шетел ғалымдары, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері және БАҚ қатысады.