Новости

Қоғамдық кеңес тұрғындарды қоғамдық маңызы бар мәселелер жайлы ақпараттандырады

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен «Бюджет тұрақтылығы: мемлекеттік шығындардың басымдылығын қалай анықтайды?» атты лектория барысында ҚР Қаржы вице-министрі Б.Шолпанқұлов мемлекеттің тұрғындары алдында есеп беруді қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін «Қоғамдық кеңес туралы» Заңға сәйкес, орталық және аймақтық атқарушы органдар жанында қоғамдық кеңестер қызмет ететінін жеткізді. Қаржы министрлігінің жанында да қоғамдық кеңестер қызмет етуде. 

«Сонымен қатар, қоғамдық кеңестер Жоғары Соттың, Конституциялық Кеңестің, прокуратура органдарының, Президент Әкімшілігінің, Ұлттық банктің, Президент іс Басқармасының, Премьер- Министрі Кеңсесінің, Парламенттің Шаруашылық басқармасының (Материалдық-техникалық қамтамасыз ету Басқармасы), Адам құқықтары ұлттық орталығының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Орталық сайлау комиссиясының, арнайы мемлекеттік органдардың қатысуымен құрылмайды»,-деді Берік Шолпанқұлов.

Вице-министрдің мәліметіне сүйенсек, қоғамдық кеңестер азаматтық қоғамның мүддесін ұсынады және жергілікті және республикалық деңгейдегі шешімдерді қабылдауда және талқылауда қоғамдық пікірлерді есепке алады. 

Қоғамдық бақылау мемлекеттік органдардың шешім қабылдауы және қоғамдық пікірге қысым көрсету жағдайларын анықтау мақсатында қоғамдық сараптаманы іске асыру негізінде ұйымдастырылды. «Қоғамдық кеңестер республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқарманың бюджет барысына байланысты құжаттарды талқылайды. Қоғамдық кеңестердің ұсыныстары қаастырылған заңнаманың шешімдерін қабылдау үшін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады,-деді спикер. 

Берік Шолпанқұловтың айтуынша, қоғамдық кеңес тұрғындарды қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша және жұмыстарды қорытындылары туралы БАҚ беттерінде жариялау және тиісті интернет-ресурстарға орналастыру жолымен ақпараттандырады. 

Сондай-ақ, Вице-министр Министрлік пен азаматтар арасында ашық байланыс орнатылғанын атап өтті. 

«Бюджетті іске асыру барысын жариялап отыру және оның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті қатынас алаңында Министрдің блогына түскен мәселелер қарастырылып тұрады»,-деп түсіндірді Берік Шолпанқұлов.