Новости

Previous Next

Ұлы дала - Ұландары!     

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

 

Үстіміздегі жылдың 13 ақпан күні аудандық Нұр Отан партиясы, Дене шынықтуру және спорт бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы және Тескенсу ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдау аясында Еңбекшіқазақ ауданы,  Тескенсу ауылдық округінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

Атап айтар болсақ көкпар, аударыспақ, теңге ілу бойынша жарыс ұйымдастырылып, жиналған жастарға арнайы ұлттық құндылығымыз Бүркіт өнері бойынша арнайы дайындалған көрініс қойылды. Шараның ашу шымылдығын аудандық "Нұр Отан" партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы ашып, жиналған жастарды «Нұр Отан" партиясының 20 жылдығымен және «2019 жыл Жастар жылымен» құттықтап, жарысқа қатысушы жастарға сәттілік тіледі. Атқа отыру өнері халқымыздың қанына біткен қасиет болғандықтан жарысқа қатысуға 100 ден астам жылқының тізгінін ұстаған жастар қатысты. Әр спорт саласы бойынша үздік өнер көрсеткен жастар марапатталып, шара соңы үлкен көкпар ойынымен аяқталды. Ұлттық құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттап, осы өнер саласына жастардың қызығуышылығын арттыру, биылғы жастар орталығының атқаратын басты жұмыстарының бірі болмақ!