Новости

Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Қазақстан әскеріне шақырылған азаматтарды іріктеу тетіктері мен талаптары күшейтілді. Қазіргі таңда жаңа шақырылған 4 азаматтың 1-еуі ғана денсаулығы жағынан іріктеуден өтетін болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру- жұмылдыру жұмыстары Департаментінің басшысы, генерал-майор Мүсілім Даирбаев хабарлады.

«1999-2000 жылдары дүниеге келген 16 мыңға жуық азаматтарды биылғы жылы Қарулы күштерге және басқа да Қазақстан Республикасының әскери құрамаларына шақыру жоспарлануда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы №449 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қаулысына сәйкес әскерге шақыру басталады»,-деді Мүсілім Даирбаев. 

Мүсілім Даирбаевтың мәлімдеуінше, әскери құрам аумақтық қағидасы бойынша жүзеге асырылады. «Яғни әскерге шақырылған азамат өзге аймақтарға мерзімді әскери қызметін өтеу мақсатында жіберіледі. Жастарды әскери бөлімшелерге іріктеу мен жіберу кезінде азаматтардың мамандықтары міндетті түрде ескеріледі»,-деді Мүсілім Даирбаев. 

Сондай-ақ, генерал-майор биылғы жылы көктемде азаматтарды әскерге шығарып салу рәсімі аудан және қалалардың орталық алаңдарында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен салтанатты жағдайда өтетінін жеткізді. 

Қазақстанда әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны бастау алды

Орталық коммуникациялар қызметінде «Көктем-2017» мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихаты өтті.

ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысының орынбасары – толымдау басқармасының басшысы, полковник Амантай Үсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру барысындағы негізгі міндет Қарулы күштерді жұмылдыру, өзге де әскери және әскери құрамаларына лайықты білім деңгейі мен физикалық және психологиялық талаптарға толық жауап беретін жастармен толықтыру болып табылады. 

«Қазақстанның барлық аймақтарында әскери бөлімшелер орналасқан. Әсіресе, оңтүстік және оңтүстік –шығыс аймақтарында көп шоғырланған. Біз барлық аймақтағы әскери бөлімшелерге азаматтарды жіберуді қамтамасыз етуіміз қажет. Әскери бөлімшелерге қызмет етуге Қазақстанның барлық аймақтарындағы азаматтар жіберіледі. Басқа аймақтарда әскери қызметті өтеу әрбір азаматтың физикалық және моралдық деңгейде шыңдалуына, бейімделуден өтуге көп әсерін тигізеді.

Ұлттық ұланның құрамын толықтыру аумақтық қағидасы бойынша жүргізіледі»,- деді Амантай Үсербаев. 

«Көктем-2017» мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Көктем-2017» мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихаты болып өтті. 

Жиынға ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы, генерал-майор Мүслім Дайыров, ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысының орынбасары – толымдау басқармасының басшысы, полковник Амантай Үсербаев, ҚР ҚМ әскери- дәрігерлік комиссия орталығының басшысы, полковник Қанат Сұлтанғазин және ҚР ҚК әскери полициясы бас басқармасының басшысы, полковник Тілеухан Басқожаев қатысты. 

Жиынға қатысушылар әскери бөлімшелерде әлімжеттіктің жоқ екенін тілге тиек еті.

«Біздің Қарулы күштердің құрамында келісім шартпен қызмет атқаратын жоғары білімді азаматтар 70 пайызды құрайды. Соның ішінде мерзімді әскери қызметке келетін азаматтар 30 пайыз. Қазіргі уақытта казармамызда барлық жағдай жасалған. Әрбір казармада бейнебақылау қойылған. Әскерге келген әрбір бозбаламен психолог мамандар жүйелі жұмыс атқаруда. Қарулы Күштердегі жүйелі жұмыстың нәтижесінде әлімжеттік жағдайлар тыйылды. Әскери құрам ер-жігіттерді құрайды, сондықтан түсініспеушіліктер орын алып жатады. Бірақ жүйелі түрде болып жатқан әлімжеттік жағдайлар жоқ. Сондықтан, барлық ата-аналар өз балаларын сенімді түрде Отан алдындағы борышын өтеуге жіберуге болады. Әскери бөлімшелерде қазіргі таңда барлық жағдай жасалған» деді Амантай Үсербаев. 

Биылғы жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларына 1999-1990 жылдары туылған 16 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарлануда.