Новости

Previous Next

Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің 15 пайызын өндіретін ірі аграрлық аймақ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының өнімі 103 миллиард 847 миллион теңге көлемінде өндірілді, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 4 млрд. теңгеге немесе 104 пайызға көп

(2017 жылы – 99 миллиард 827 миллион теңге).

Ет, сүт, жұмыртқаны өндірудің өсуі байқалады. Мал мен құстың саны және барлық дақылдардың көрсеткіштері айтарлықтай өсті.

Осындай көрсеткіштерге қол жеткізудің басты факторы - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың агроөнеркәсіптік кешенді толық қолдау жөніндегі саясаты.

2018 жылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында субсидия мен жеңілдетілген несие беруге бюджеттен 2 миллиард 300 миллион теңге бөлінді. Ағымдағы жылы осы мақсатта 3 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Өздеріңізге мәлім, 2011 жылы Елбасы Алматы облысына сапары барысында, Еңбекшіқазақ ауданы бақтарды дамытуға бағыталуы керектігін атап өткен болатын, себебі біздің өңір алманың отаны  деп есептеуге болады.

Аталған тапсырманы орындау жөнінде шаралар қабылданған болатын.

2018 жылы 1295 гектарға алма бақ отырғызылды, оның ішінде 568 гектар интенсивті бақ.

Атап айтатын болсақ:

-Қаратұрық ауылдық округінде «Жетысу бақтары» өндірістік кооперативі 210 гектарға интенсивті алма бағын отырғызды, жоба құны 2 миллиард теңгені құрады;

-Асы ауылдық округінде, «Алма Мастер Филдс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 126 гектар жерге интенсивті алма бағын отырғызды, жоба құны 1 миллиард 877 миллион теңге;

-Тескенсу ауылдық округінде, «Арнау Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 гектар жерге интенсивті алма бағын отырғызды, жоба құны 1 миллиард 511 миллион теңге;  

Осылайша, 2018 жылы алма бақтарының жалпы көлемі 9868  гектарға жетті (оның ішінде 1500 гектар интенсивті бақ және 506 гектар апорт), ал 2012 жылы алма бақтың көлемі 3271 гектар ғана болға (өсім үш есеге жуық).

Сонымен, өткен жылы бағбандықты дамытуға тартылған жалпы инвестиция көлемі 3 миллиард 380 миллион теңгені құрап, 250 жаңа жұмыс орны құрылды. 

Аталған жұмысты биыл да жалғасын табуда. Интенсивті алма бағын кем дегенде 500 гектар жерге отырғызу, осы мақсатта 3,5 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартуды және 300 жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырған болатын.