Новости

Дала дауысын тыңдағыңыз келсе...

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Қазақтың қара домбырасы – атадан балаға мирас болып жеткен, қымбат қазынаға айналған музыкалық аспап. Ал, сол арқылы бүгінгі таңға қаймағы бұзылмай жеткен өнердің бір шыңы – ол домбырамен орындалатын құнды ән-күйлеріміз. 

Үстіміздегі жылдың 20-21 сәуірінде Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Dombra Party – non stop» мәдени шарасы өтеді. Республика көлемінде бұрын-соңды болмаған бұл тың жоба барысында қасиетті домбырадан төгілетін ән мен күй тәулік бойына тоқтаусыз орындалады. Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Dombra Party – non stop» жобасының авторы, Қазақстанның танымал блогері Данияр Жаныс айтты.

— Бұл рухани шараға үлкен де, кіші де қатыса алады. Қазақтың қара домбырасынан ән мен күйді, жыр мен айтысты төгілте отырып, орындаушылар композицияларын бірінен кейін бірі іліп әкетіп отыруы тиіс. Шара барысында дәстүрлі және эстрадалық әндер айтуға да болады, - дейді жоба авторы Д. Жаныс.