Новости

Дінің тұрсын дін аман

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Бірталай мемлекетті діни ахуал алаңдатып тұрған бүгінгідей кезеңде біз де етек-жеңімізді жинап отырғанымыз абзал. Бұл тұрғыда Алматы облыстық дін істері басқармасы талай шаруа атқаруда. Облыс бойынша құрамында 397 мүшесі бар 1 облыстық, 3 қалалық, 16 аудандық 20 ақпараттық-түсіндіру тобы жаңартылып, жүйелі жұмыс істеуде. Облыста діни әдебиеттерді таратуға арналған 20 арнайы тұрақты орын бекітілген. Сондай-ақ, басқарма ғимаратында интернет-кітапхана ашылған. Оның қорында тәрбиелік мазмұнында 700-ден астам әдебиет, 291 діни әдебиет және әртүрлі бағыттағы тарихи, мәдени кітаптар бар. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Жетісу өңіріндегі діни ахуал тұрақты.

— Алматы облысында 586 діни бірлестік тіркелген. Оның 430-і - ислам мешіті, 48-і - православ, 95-і - протестанттық, 11-і - Рим-католик, 2-еуі дәстүрлі емес діни бірлестік. Діни бірлестіктермен бірлесіп, облыстағы діни ахуалды қадағалап, бақылап отырмыз. Биыл жаңа форматтағы біраз жұмысты қолға алдық. Мәселен, «РеИнформобиль» деген бағытымыз бойынша арнайы көлігіміз бар. Ол шалғай орналасқан аудандарға жолға шығып, ондағы теолог-маманымыз халықтың діни сауатын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үлестірмелі материалдарды жедел жеткізіп отырады. Сол сияқты, арнайы жабдықталған «РеРеамобиль» көлігі де шалғайда жатқан ауылдардан табылып, дер шағында оңалту жұмыстары жүргізіледі, - деді Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.