Новости

Previous Next

Балық аулауға тыйым салынды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

"JETISÝ media"  ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысының су айдындарында уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынғаны мәлім болды.

 Су асты тіршілік иелеріне залал келтірілген жағдайда, балық аулауды әдетке айналдырған тұлғаларға заң тұрғысында бір қатар шаралар қолданылатын болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабына сәйкес уылдырық шашу кезеңінде балық аулағаны үшін құқық бұзушы жеке тұлғаға10 АЕК, шағын бизнес субъектілеріне  30 АЕК, орта бизнес өкілдеріне 50 АЕК және ірі бизнес иелеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

«Егер аталған қылмыс бір жыл ішінде қайталанса, жеке тұлғалар екі есе мөлшерде айыппұл төлесе, бизнес субъектілерінің 10 - нан 50 АЕК-ке дейін қалталары жұқарады»  - деп атап өтті Аян Бахиянов.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігіне сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде балық аулағаны үшін заң бұзшыға   6000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына яки, 3 жылдан- 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп, 7жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқарудан  шектеледі.

 Егер заң өзгертілгенге дейін тәртіп бұзушылар түзеу мекемесінде 75 тәулікке дейін жазасын өтесе, бүгінгі күні бұл мерзім 3 жылға дейін ұзарған. Бұдан басқа, жеке мүлікті тәркілеу немесе 4000 АЕК дейін айыппұл қарастырылған, - деп атап өтті спикер.

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде 2020 жылы келесі орындарда және мерзімде балық аулауға тыйым салынады:

1) Балқаш көлінде- 15 сәуірден 1 маусымға дейін;

2) Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде, осы өзендердің сағаларын, ағыстары мен жайылмаларын қоса алғанда, олардың Балқаш көліне құятын сағасынан және өзеннің барлық ұзындығы мен оның негізгі сағалары бойынша ағыс бойымен жоғары қарай, сондай – ақ Балкаш көлінің екі жағынан осы өзен сағасынан 5 км радиуста - 15 сәуірден 1 маусымға дейін;;

3) Қапшағай су қоймасында және оған құятын барлық өзендер мен ағындарда – 5 сәуірден 20 мамырға дейін;

4) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың барлық салалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Хатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Женешкесу, Шыңжылы өзендерінде – 10 сәуірден 1 маусымға дейін;

5) Іле өзенінде Қапшағай ГЭС бөгетінен 6-шы балық пунктіне дейін кәсіби емес аулау құралдарын қолдануға - 5 сәуірден 5 маусымға дейін;

6) Іле өзенінің барлық атырабында кәсіби емес аулау құралдарын қолдануға– 15 сәуірден 1 маусымға дейін;

7) Іле өзенінде Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекараға дейін өзендерде  кәсіби емес аулау құралдарын қолданануға - 25 наурыздан 5 шілдеге дейін.

2019 жылы 344 заң бұзушылық фактісі тіркелген. Олардың 9-ы қылмыстық жазаланды. 331 әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өткен жылы 5.2 млн теңге  көлемінде айыппұл салынды,оның ішінде 4.9 млн теңге өндіріп алынған.