Орталық коммуникациялар қызметінде «SarapTime» сарапшылар клубының «Қазақстандағы 100 жаңа есім – жетістіктер тарихы» тақырыбындағы пікірталастық отырысы өтті. Іс-шараға «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений КОЧЕТОВ, «Бюро 100» бастамашыл тобының мүшесі Махаббат ЕСЕН, «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің басшысы Қымбат ДОСЖАН, сондай-ақ сарапшылар және журналистік қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, ғалымдар, қоғамдық пікірлер мен азаматтық қоғам көшбасшылары, танымал(белгілі) блогерлер қатысады.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім – жетістіктер тарихы» жобасының негізгі мақсаты Тәуелсіздік жылдарында қазіргі Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдардың нақты оқиғалары үлгісіндегі жетістікке жету идеялары, меритократия қағидаларын, бәсекеге қабілеттілік, прагматизмге табынушылық және білімді қоғам арасында дәріптеу мен ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сананы жаңғырту болып табылады.
ҚР АКМ «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры Артур Ниғметов отырысты аша отырып, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – бұл Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен әртүрлі өңірлердегі, түрлі жастағы және ұлты әр түрлі 100 нақты адамдардың тарихы екендігін атап өтті. Аталған жобаны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қоғамның рухани жаңғыруы» атты идеологиялық концепті (инновациялық идеясы) аясында ұсынған болатын.
Сондай-ақ, ол 100esim.el.kz сайтының іске қосылғандығын хабарлады. Енді тілек білдірушілердің әрқайсысы жобаға енгізуге қарау үшін өзі туралы немесе өзінің таныстары туралы ақпаратты жолдауларына болады. Бүгінгі таңда әртүрлі жастағы түрлі мамандық иелерінен 1000-нан астам өтініш келіп түсті.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына үміткерлерді іріктеу туралы толық ақпарат туралы Е.Кочетов баяндады. Оның сөзінше өтінімдер жинау, айналасындағы адамдарды өзінің өмір жолдары мен жеткен жетістіктері арқылы таңғалдыратын адамдар туралы оқиғалармен бөлісетін кез келген тілек білдіруші қатыса алатын қалың бұқараны тарту арқылы өткізілетін болады. Өтінімді іріктеудің негізгі өлшемдері -Тәуелсіз Қазақстанның дамуына тұлғаның нақты қосқан үлесі болып табылады.
«Бюро-100» бастамашыл қозғалысының мүшесі Махаббат Есен «Бюро-100» қозғалысының мақсаты туралы баяндады.
«Бұл біздің еліміздің бірегей тұлғасын іздеуге жәрдем беру мақсатында құрылған бастама. Көптеген күмәншілдер осы «100 тізімге» бәрібір жоғарыда жүрген танымал адамдардың енгізілетініне шек келтірмегенін мойындауымыз керек»,- деп М. Есен өз пікірімен бөлісті.
«Осындай болмауы үшін біз өз тобымыз туралы бастама көтердік және сол және өзге де үміткерлердің кандидатурасын ұсынуға белсенді қатысуға тырысамыз. Міне бір ай болды, біз
өз тізімімізді жүргізудеміз, оған әлеуметтік желілердегі пайдаланушылар ұсынған барлық үміткерлерді енгіздік. Ал екі апта бұрын біз Ақтөбе облысының Аршалы және Бабатай ауылына бардық. Бұл ауылдарда тәжірибесі мен өмір жолы қайран қалдыратын және шабыттандыратын керемет адамдар тұрады. Мысалы, Анатолий Добровольцев – омарташы, стильді костюмін арнайы формаға, ал кабинетін шексіз дала мен омартаға айырбастаған нағыз дауншифтер. Анатолий – табысты кәсіпкер және қоғам қайраткері, ол балдың ауыл шаруашылығындағы экспортқа бағытталған перспективалы сала болатынына сенімді», - деп хабарлады М.Есен.



