Новости

Танымдық әрі тағылымдық сапар

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті бірлесіп "Рухы бекем, киелі мекен - Жетісу" атты ғылыми-танымдық экспедициясын ұйымдастырмақ. Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Аталмыш шара 18-23 қыркүйек аралығында өтетін болады. Оған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, археологтар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Экспедиция Ешкіөлмес, Шанханай, «Бесшатыр» патша қорғаны, Қапал, Қарауылтөбе, Қойлық, Үйгентас, Үшбұлақ, Қос келіншек, Қызылқайың, Бәйтік ата, Көтентәуіп әулие кесенесі және тағы басқа бағыттары бойынша болмақ. Жалпы қатысушылар саны 40.

«Ғылыми-танымдық экспедицияның мақсат Елбасының бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдарын халық арасында кеңінен насихаттау, Алматы облысының бірегей тарихи-мәдени мұра нысандарына жататын киелі орындардың қазіргі жағдайымен танысу, ел бірлігін, этносаралық ынтымақты сақтаудың мән-маңызын түсіндіру, жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру болып табылады», - деді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбайұлы.

Айта кетейік, "Рухы бекем, киелі мекен - Жетісу" экспедициясы екі кезеңнен тұрады. Екінші кезегі келесі жылдың көктемінде жоспарлануда.