Новости

Previous Next

Алматы облысында 32 мыңнан астам тұрғын екпе қабылдады

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыру әлі жалғасын табуда.

Бұқара басында үрейленгенімен қазіргі таңда арнайы вакцина алушылардың қатары күн санап артып келеді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақылды басшылыққа алған 32 547 облыс тұрғындары екпенің бірінші компонентін қабылдап үлгерген.  Вакцинаның алғашқы бөлігін 12867 - медицина қызметкері, 10104 – педагог, 1220 - учаскелік полиция қызметкері, 117-студент, 120 - медициналық - әлеуметтік мекеме контингенті, 1101 –әскери қызметкерлер, 722 - мемлекеттік қызметші, 501 - созылмалы аурулары бар адамдар, 5975-басқа тұлғалар салдырған. 

Араға 21 күнді салып екінші бөлігін қабылдаған халықтың саны 9401-і құрап отыр. ІІ компонентпен 6867 медицина қызметкері, 2304 - педагог, 54 – учаскелік полиция қызметкері, 72 – күш құрылымдарының қызметкері, 75 – мемлекеттік қызметкер, 29 - басқа тұлғалар вакцинацияланған болатын. 

Індетке қарсы имундық жүйемді қалыптастырамын деушілердің бірі Алия Шагиахмет:

-Көксу аудандық орталық ауруханасында вирусқа қарсы екпе салдырдым. Барлығы ойдағыдай өтті. Талаптарға сай, алдымен қан қысы, дене қызуын тексеріп, артынша вакцинаны салды. Ереже бойынша 30 минут дәрегерлердің бақылауында болдым. Айтарлықтай кері әсері болған жоқ. 

Мамандарда екпеден кейін асқынулар тіркелмеген дейді.  Облыс бойынша КВИ – ға қарсы вакцинация жүргізуге арналған 125 егу пункттері жұмыс істейді. Сонымен қатар, 25 жылжымалы егу пункттері ұйымдастырылып, барлық пункттерге тоңазытқыш қондырғысы орнатылған. Рефрижераторлық типтегі белсенді термоконтейнерлермен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, жалпы Алматы облысына  46 520 мың вакцина дозасы келіп түскен.