Новости

Previous Next

Тәуелсіздікке 30 жыл: Алматы облысында мерейтойға орай  800-ден астам шара өткізіледі

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Тәңірден берілген тәтті сыйдың қазақ  аспанында қалықтап, шуақты күнінің арайлап атқанына 30 жыл толды.

Ел үшін айтулы жылды ұлықтау, ащы термен келген тәтті жеңістің салмағын бағамдау, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу барысында өскелең ұрпақтың санасына сіңдірілмек. Бүгінгі күні, қасиетті тәуелсіздікті мерекелеу бойынша жоспардың жүзеге асқанына жарты жылдың жүзі болды.          Жыл басында аймақ басшысы  Амандық Баталов және облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Турлашовтың төралығымен мерейтойға дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комиссиясының отырыстары өткізіліп, басқарма басшылары аудандық, калалық әкімдеріне нақты тапсырмалар берілген.                                                                                                                                     Медиа жоспардағы жұмыстар  үш негізгі бағыттан тұрады. Олар: ұйымдастыру-дайындық, ақпараттық-имидждік жұмыс және 12 тақырыптық бағыт бойынша мерекелік іс-шаралардың оқиғалар қатары. (слайд) Облыс көлемінде тәуелсіздікті тойлау іс-шаралар жоспары әуелде  253 тармақтан тұрса, қазір 282 тармақты құрайды. Атап айту керек, барлық ұсынылған шаралар елдегі санитарлық жағдайға бейімделіп, өтілуде.  «Бүгінгі күнге дейін 803 іс-шара орындалды. Оның ішінде халықаралық деңгейде -2, республикалық деңгейде-9, облыстық деңгейде-77, аудан, қалалық деңгейде-636 шара.  Эпидемиологиялық жағдайға байланысты 8 іс-шара ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды»,-дейді Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов.  Биылғы жылдың басты тойында, жыл басынан Жетісу өлкесінде әлеуметтік маңызы бар орай 26 нысан есігін айқара ашты.       Рахмет Разбекұлының айтуынша,  Көксу, Райымбек аудандарында ДШСК, Қарасай ауданы мен Талдықорған қаласында жылыжай кешені-дәрігерлік амбулаториялар ашылып,  Панфилов, Жамбыл аудандарында тутұғыр орнатылған. Сонымен қатар, облыстағы  полиция қызметкерлеріне 55 жаңа пәтердің кілті тапсырылған.  Өңірде  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында "еріктілер жылының" жалғасы ретінде "игі істер марафоны"жалпыұлттық жобасы іске асырылып жатқандығын атап өткен жөн.   "Мемлекет басшысы айқындаған волонтерліктің 7 бағыты және "игі істер марафоны " аясында облыста 1216 акция өткізілді. 75 мұқтаж отбасы тұрғын үй алды, 9 мың отбасы 170 млн.теңгеге азық– түлік себетін алды", - деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров.                                                                                                                                      Аталмыш шаралар тіәзбегі жалғасын таба бермек, Мәселене, екінші жартыжылдықтың оқиғалар кестесінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 900 іс -шаралары жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, екінші жартыжылдықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоспарланған 40 нысанның ашылу салтанаттары жоспарлануда.  Атап айтсақ, Алакөл, Панфилов аудандарында дене шынықтыру кешені, спорт алаңдары, М.Мақатаевтың ескерткіші, Жамбыл, Ескелді, Кербұлақ аудандарында саябақтардың ашылуы жетісулықтардың қойнын қуанышқа толтырмақ.  Бұның барлығы Тәуелсіздіктің жемісі, қазақтың жеңісі.