Новости

Previous Next

Алматы облысының экологиялық мәселелері депутаттардың бақылауында

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Алматы облыстық тұрақты комиссияларының  бірлескен көшпелі отырысы өтті.

Әлеуметтік нысандардағы бірқатар өзекті мәселелері, білім саласындағы оқу жылының барысы, сонымен қатар, Жолдауды іске асыруда депутаттарымен алдағы мақсат-міндеттер айқындалды. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауда экология мәселесінде ауаның тазалығы, газға немесе баламалы қуат көздеріне көшіру қажеттігін атап өтті. 

Осы орайда, комиссия отырысында облыстық тұрғын-үй коммуналды шаруашылық басқармасы басшылығының есебі тыңдалды. 

Жылу өндіруші кәсіпорындарында 3 қазандық табиғи газға ауыстырылуда, бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлінді. Ал осы игі бастаманың іске асуына депутаттық корпус өз күш-жігерін салып, бақылауға алмақ. 

Сонымен қатар, Президент 2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп салыну қажеттігін атап өтті. Осы орайда, депутаттарымыз өңірде жалпы 30-ден аса аурухана, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысы, күрделі жөндеуі барысына мониторинг жүргізді. 

Көшпелі отырыс соңынан депутаттармен бірге Панфилов, Ұйғыр, Кеген, Райымбек аудандарындағы бірқатар әлеуметтік нысандар құрылыс-жөндеулерін депутаттық мониторинг жасап, мердігер мекемелерге анықталған кемшіліктерді жою бағытында ұсыныс-ескертпелер берілді.