Новости

Previous Next

Темір жол – аса қауіпті аймақ

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

 

Көліктегі полиция департаменті Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі қызметкерлерімен "Темір жол – аса қауіпті аймақ" тақырыбына профилактикалық іс-шаралары өтуде.

       2021 жылдың 1 қыркүйегінен оқу процессінің басталуына байланысты ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Үштөбе станциясындағы желілік бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі және темір жол  мекемелері қызметкерлерімен Үштөбе станциясындағы ЖПб-нің қызмет көрсету аумағына жақын орналасқан К.Тоқаев атындағы орта мектеп оқушылары арасында темір жол жарақаттарының және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға темір жолдарында болу ережелері туралы айтылып, темір жолында қауіпсіздік ережелері, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілігі түсіндірілді. Сондай-ақ, темір жолында ойын ойнаған жасөспірімдер өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге душар етуі, олардың бейқамдығы поездардың жүру қауіпсіздігіне, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына, тасмалданатын жүктердің сақталуына қауіп төндіріп, жолдарға едәуір материалдық шығын келтіретіндігі туралы жеткізілді.

Көптеген темір жолдарындағы жазатайым жағдайлардың себебі белгіленбеген жерлерден өту болып табылатыны айтылды.

Көлік полицейлері оқушыларға әрбір азамат темір жол көлігі - аса қауіпті аймақ екенін есте сақтау керектігін  ескертіп, оның қызметін пайдаланып, әрбір азамат жалпыға ортақ жеке қауіпсіздік ережелерін орындауға міндетті, келе жатқан поездың немесе моневрлік локамативтің  жоқтығына көздері жетіп қана темір жолдарын белгіленген жерлерден ғана өткел көпірлері, тоннельдер арқылы өтулері туралы жеткізілді.