Новости

Previous Next

Алматы облысында 997 қатысушы "Ashyq"платформасынан шығарылды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

"Ashyq" пилоттық жобасы іске қосылғалы өңірде 8933 нысан артықшылықпен жұмыс жасауда.

Кәсіптің тасын пандемия кезінде өрге домалатуға ықпал еткен аталмыш қосымшаны пайдаланудың өз ережелері бар. Қазіргі кезде жоба шарттарын бұзған фактілерде анықталуда. Монгиторингтік топ 5099 бизнес нысанының жұмысын тексеріп, 997 қатысушы Ashyq"платформасынан шығарылды. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша, 2021 жылғы 10 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматы облысында санитариялық-карантиндік режимді бұзған 3159 адам анықталды. Оның ішінде, "қызыл" мәртебесі бар 2346 адам және "сары" мәртебесі бар 813 адам тіркелді.

"Қызыл" мәртебесі бар тұлғаларға 3 894 175 теңге сомасына 89 айыппұл салынса, "сары" мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантині шарттарын сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 295 қаулы берілді.