Новости

Previous Next

Текелі қаласында карантин талаптарын бұзғандарға 4 млн. теңге сомасында айыппұл салынды 

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Жыл басынан бері Текелі қаласында 1809 адамнан коронавирус анықталған. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 5895,6 құрап отыр. 

Эпидемиологиялық бақылау матрицасына сәйкес, Текелі қаласы қызыл аймақта орналасқан. 

Қала бойынша оқушылар арасында корнавирустық жағдайда тіркелуде. Бүгінгі күнгі деректер, шаһардағы 12 оқушыдан аталған індеттің табылғандығын растап отыр. Сәйкесінше, 6 мектептегі 12 сыныптың 329 оқушысы  карантинге жіберілді. Оқу жылы басталған уақыттан бастап қалада екі ұстаздың вирус жұқтырғаны анықталған.

Індетті жеңу жолы- екпе. Текеліде екпе салатын 4 пунт және бір жылжымалы екпе пункті  бар. Айта кету керек, жыл басынан бері шаһарға вакцинаның бірінші компоненті бойынша 15 620 доза, екінші бөлігінен 15920 доза вакцина келіп түскен. 

Текелі қаласында 18 мың тұрғын екпе алушылар қатарына кіреді. Бүгінде олардың 14 690-ы вакцина қабылдады. Яғни, вирусқа қарсы вакцина алушылардың 81%-ы екпе салдырып үлгерді. Ал, аймақтағы 455 ұстаздың 416-ы вакцинациялаудан өткен. 

 

«Текеліде 149 нысан «Ashyq» жобасының қатысушылары болып табылады.  Осы уақытқа дейін, мониторингтік топтардың жүргізген тексеріс нәтижесінде, карантин талаптарын бұзған  58 нысанға оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға 4 млн. теңге сомасында айыппұл салынды»,-дейді Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы.

 

Қалада коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар үшін 110 төсек-орын қарастырылған. Қазіргі кезде ауруханалардағы төсек санының жүктемелігі 38 пайызды құрап отыр. Бұл туралы Текелі қалалық ауруханасының директорының орынбасары Камила Жамалова мәлімдеді. 

 

Оның айтуынша, реанимацияда 11 төсек бар. Қазірде аталған бөлімде 6 науқас жатыр. Коронавирусқа шалыққандардың 97%-ы екпе алмағандар. Ал емханадағы науқастардың 3%-ы вакцинаның екі бөлігін толық алмағандар болып табылады екен.  

« Қала бойынша балалар арасындағы аурушаңдық 2,1%-ы құраса, жүкті әйелдер арасында бұл көрсеткіш 12%-ы көрсетуде. Көбіне-көп 40-50 жас арасындағы тұрғындар індетті жиі жұқтырады»,-деді Камила Тоқтасынқызы.

 

Естеріңізге саламыз, моноқала да аты жаман індетпен күресудегі жұмыстың тиімділігін артыру үшін арнайы мобильді топтарда жұмыс жасауда. Шаһарда олардың саны 5-ті құрайды. Онда 1 дәрігер 5 фельдшер науқастарға қызмет көрсетеді. Шақыртулар бойынша көрсетілген мекен-жайға барып, ауру ошағының дәл ортасында жүреді. Мамандардың сөзіне сенсек, мобильді топқа тәулігіне 100-350 шақырту түседі.