Новости

Previous Next

Алматы облысында соңғы тәулікте 270 адамнан коронавирус анықталды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

24 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 49 757 жағдай тіркелген, оның ішінде 36 216-ның симптом белгілері бар.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2327,9 құрады.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6% - дан 0,5% - ға дейін төмендеді. Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан, Кеген аудандарында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ 270 жағдайы анықталған. Оның  47-сі 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 43 және студенттер арасында 4-еуі тіркелген.