Новости

Previous Next

Алматы облысында дүниеге келген үшемдерді үйіне шығарды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Бүгін Облыстық перинаталдық орталықта   дүниеге келген үшемдерді үйіне шығарды. 26 жастағы Ардагүл Аскербек  Гүлсая, Нұрсая және Нұрсиля есімді үшемді 25 қазан күні дүниеге әкелген болатын.

Үш қыздың анасы Ардагүл  Аскербек Алматы облысы Көксу ауданының тұрғыны.  Үшемнің анасы 25 қазаннан бастап  Облыстық перинаталды орталық   дәрігерлерінің бақылауында болды.  Облыстық перинаталды орталықтың   директоры Жұмашев Қанат Қалиханұлы:

- Қазір үшемдердің  анасы мен балалардың денсаулықтары жақсы.   Жүктіліктің 31 аптасында кесір тілігін жасау арқылы үш қыз яғни, 25 қазан күні  (1900,0 гр. Бойы 41см, 1800,0 гр, бойы 44см, 1700,0 гр, бойы 45см) дүниеге келді. Бұл жағдайды Денсаулық сақтау басқармасы үнемі бақылауда ұстап отырды,- деді. 

Бекетовтар отбасында Гүлсая, Нұрсая және Нұрсиляны екі ағасы мен әпкесі күтіп алды