Новости

Previous Next

Алматы облысында 82 мыңнан астам адам ревакцинация курсынан өтті

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

 

 Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал нашарларды. Өткен тәулікте 320 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталып отыр. Ал, бір күнде 92 науқас ауруханаға түскен, деп хабарлайды «Jetisy Media».

Жетісу жерінде осы уақытқа дейін 59 992 тұрғын коронавирустық инфекция жұқтырған, олардың 57 605-і құлан-таза айығып шықты. Дегенмен, бүгінгі күні, аурудың тәуліктік өсімі-– 0,5% -ы құрауда.

 Індеттің ілмегіне ілінбеудің жалғыз жолы-екпе. Мамандар, вакцина аталған вирусқа араша түсер жалғыз құрал деуде.  Осы тұста, өңірде вирусқа қарсы егу жұмыстарының қарқынды екенін атап өткен абзал.  Бүгінде облыста 318 егу пункті, 76 мобильді бригада, 17 жылжымалы медициналық кешен жұмыс жасауда.  Өңірге вакцинасының I компонентінен  1 213 475 доза және II компоненттің 1 193 475 дозасы,сондай-ақ,  Комирнати вакцинасының  380 250 дозасы жеткізілген болатын. Қазіргі таңда екпенің бірінші бөлігін 910 214 адам, екі компоненттін 849 638 тұрғын қабылдады.

Айта кетейік, Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста бірінші компонентпен 961 478 тұрғын егілді. Ал, екпенің екінші бөлігін қабылдағандардың жалпы саны  868 084 адамға жетіп отыр.

 

Естеріңізге саламыз, 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап облыста ревакцинация курсы басталды. Бүгінгі таңда 82132 адам қайта вакцинацияланды, оның ішінде медицина қызметкерлер-7585, мемлекеттік қызметшілер – 1915, педагогтар – 7734, созылмалы аурулары бар адамдар – 800.